• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • Простатит (қазақша)

    Простатит қуық асты безінің қабынуы. Ауру ерлерде 20 жастан бастап кездеседі. Простатиттің жедел және созылмалы түрлері, сонымен қатар созылмалы жамбас ауыруы синдромы (бактериалды емес простатит) ажыратылады. Простатит жиі уретритпен, везикулитпен, қуық асты безінің гиперплазиясымен қатар жүреді.   

    Қуық асты безі  — шәует құрамындағы сөлді бөлетін ерлер мүшесі. Ол эрекция кезінде қуықтан шығатын жолды жабатын қақпақша рөлін атқарады. Без іштің ортасында қуықтың астында орналасқан. 

    Диагностикасы

    Диагноз осы ауруға тән симптоматикадан басқа ректальды температураны (ануста) және қолтық асты немесе ауызда дене қызуын өлшеу (әдетте айырмашылық 0,5 градусқа дейін болады),  шап лимфа түйіндерін қарау және пальпациялау арқылы расталады. Тік ішек арқылы саусақпен тексергенде (массаж емес!) қуық асты безі ұлғайған, ісінген, ұстағанда ыстық, қатты ауырсынады.  Қатты ауру сезіміне байланысты кейде саусақпен қарап тексеру үшін жансыздандыру қажет болады.  Жалпы қан және зәр талдауы қабыну белгісін көрсетеді. Жағындыны талдау көмегімен қоздырғышты және антибиотикке сезімталдықты анықтайды.  Қажет болған жағдайда қуық асты безінің трансректальды УДЗ, пункция, кіші жамбас қуысы ағзаларының КТ немесе МРТ жасалады.  Бактериалды емес простатитті жою әдісі (метод исключения) арқылы (қабнудың қоздырғыштары анықталмағанда, ісік, омыртқа, жүйке жүйесінің  аурулары, психикалық ауытқулар және т.б. кезде) анықтауға болады. Простатиттің диагностикасы және емімен уролог пен андролог  дәрігерлері айналысады. 

    Клиникалық белгілері

    Жедел простатит кезінде науқас қалтырауға, дене қызуының жоғарылауына, белдің төменгі бөлігінде, жыныс мүшесі мен артқы тсік арасындағы аймақта, ұмада, шап немесе тік ішек аймағында  ауру сезімінің болуына, жиі зәр шығаруына (никтурия),  зәр шығару кезіндегі ауру сезіміне (дизурия) шағымданады. Кей жағдайда зәр шығару жолдарынан бөлінділер байқалады, ал шәуетте қан анықталады. Жыныстық қатынас және эякуляция кезінде ауру сезімі болады.  Созылмалы простатиттің симптомдары ұқсас, бірақ айқын емес: дене қызуының аздап жоғарылуы, жиі, үзік-үзік, әлсіз зәр шығару.  Қасаға үсті аймағында ауру сезімінің болуы, эрекцияның, шәует шығарудың  бұзылысы тән.

    Созылмалы жамбас ауыруы синдромына іштің төменгі бөлімінде, шап, ұмада тұрақты түрде ауру сезімінің болуы тән. 

    Көп жағдайда простатит ешқандай белгілерсіз болуы мүмкін. Сондықтан ерлер профилактикалық қарап тексеруден өтуі керек. Симптомсыз қабынудың әсері де  өте қауіпті. Әсіресе интимдік өмірге қатты әсер етеді. 

    Алғашқы көмек

    Тыныштық жағдай, ауру сезімін басатын және дене қызуын түсіретін дәрілік заттар ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық ішу және оны зәр айдайтын препараттармен үйлестіру өте маңызды болып табылады. 

    Емі

    Бактериялармен шақырылған простатит антибиотиктермен емделеді.   Олардың ішінде ең тиімдісі   фторхинолондар (левофлоксацин, ципрофлоксацин) болып табылады, бірақ препараттар мен емдеу схемасы тек дәрігермен таңдалуы керек.  Антибиотиктерден басқа стероиды емес қабынуға қарсы дәрілер, адреноблокаторлар, спазмолитиктер, іш қату кезінде іш айдайтын дәрілік заттар қолданылады. 

    Жедел простатиттің ауыр түрлері ауруханаға жатуды, антибиотиктер мен басқа да дәрілерді көктамырға енгізуді талап етеді. Зәрдің кідіруі кезінде катетер пайдаланған жөн. 

    Простатит кезінде  физиотерапия, қуықасты безінің массажы кеңінен қолданылады. Бактериалды емес түрінде стероиды емес қабынуға қарсы дәрілер, миорелаксанттар, адреноблокаторлар тағайындалады.

    Асқынулары

    Аурудың жедел кезеңнен созылмалыға ауысуы, қуықасты безінің абсцестері мен жыланкөздері, сепсис, цистит, нефрит, пиелонефрит.

    Себептері

    Простатиттің 90% жуық жағдайы жұқпалармен, әсіресе жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалармен шартталған.   Көп жағдайда қоздырғыштарына грам теріс бактериялар (ішек таяқшасы, энтерококк), сирек — грам оң бактериялар, хламидиялар, микоплазмалар жатады.  Қоздырғыш бактериялардың басым көпшілігі дені сау адамның флорасында болатынын айта кеткен жөн. Бірақ иммунитет төмендегенде, суық тигенде, ұзақ сексуалды кідіру, қимыл-қозғалысы аз өмір салты кезінде, стрестік жағдайларда қабынуды дамытуы мүмкін. 

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен уролог-андрологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.