Шымкент
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00
0
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00

Жүйке тамырлары мен сіңірлердің зақымдануы: тиімді оңалтуды қайда өтуге болады

Алақанның ашылмауы, оның жұмылмауы, қол білезігінің ауырсынуы, қозғалысының шектелуі, сезімталдығының жоғалуы сияқты белгілер сіңірлер мен жүйке талшықтарының үзілуін, сынықтарға жасалған отаны, күйік пен электр жарақатын басынан өткерген адамдарға таныс жағдай болып табылады. Дәрігер-реабилитолог аталған бұзылыстарды қалай қайта қалпына келтіріп, қалыпты өмірге оралуды түсіндіреді.

АЛЬНУР-МЕД – ОҢАЛТУДЫҢ ТОЛЫҚ КЕШЕНІ БІР ОРЫНҒА ШОҒЫРЛАНҒАН ОРТАЛЫҚ.

Аяқ-қолдың сіңірлері мен жүйке тамырларының үзілуі немесе зақымдануы өте ауыр жарақат болып табылады. Мұндай жарақаттар отадан кейін маманның бақылауымен оңалтуды талап етеді. Қолдың бұрынғыдай қайтадан қалыпты жұмыс істеуі үшін әр түрлі ем-шаралардың толық кешені қажет болады. Егер сіздің жолыңыз болып, білікті маманды таңдасаңыз, онда зақымданған аяқ-қолдарыңыздың қызметі қайта қалпына келіп, толыққанды өмірге орала аласыз.

«Қарапайым жарақатқа қарағанда мұндай ауыр жарақаттар оңалту шараларын таңдауда ерекше тәсілдерді қажет етеді.  Егер біз әдеттегі сынық туралы айтатын болсақ, онда қалпына келтірудің 2-3 курсын өтіп, науқас күнделікті өміріне оралады.  Ал сіңір мен жүйке тамырларының жарақаты бар науқастар оңалтуды ұзақ уақыт өтеді. Нақты айтатын болсақ, жылына 4-5 рет немесе одан да көп, бұл   жарақат және ота  күрделілігіне  байланысты болады», дейді  «Альнур-мед» оңалту орталығының негізін қалаушы және жетекші маманы, дәрігер-реабилитолог Урумхан Камитовна Исаева.

«Альнур-мед» клиникасы ерекше клиника болып табылады. Ол жүйке тамырлары (кәрі жілік, шынтақ, орталық, құйымшақ, кіші және үлкен асықты жілік жүйкелері) жарақаты, үзілуі, сіңірлердің (қолдың жазу және бүгу, аяқтың ахилл сіңірлері) жарақаты, үзілуі кезінде жүргізілетін микрохирургиялық оталарды басынан өткізген науқастарды оңалтуға мамандандырылған. Сонымен қатар орталықтың мамандары науқастарға келесі жағдайда қалпына келуіне көмектеседі:

  • маммопластика, блефаропластика, абдоминалды пластика сияқты пластикалық оталардан кейінгі ісінулер, гематомалар және келлоидты тыртық;
  • жарақат, соққы, сынықтардан кейінгі гематомалар мен қатаюлар;
  • күйіктер мен электр жарақатынан кейінгі тыртықтық қатаюлар, келлоидты тыртық, сіресімдер;
  • дене мүсінің бұзылысы, остеохондроз, омыртқа дисклерінің протрузиясы;
  • босанудан кейін нәрестелердегі жарақаттар (қисық мойын, дисплазия).

Медициналық орталықтың осындай тар бағытта мамандандырылуы  «Альнур-мед»-ке  жарақат алған науқастарды қалпына келтіруге қажетті оңалту шараларының кешенін ұсынуға мүмкіндік береді.

«Қажетті маманды немесе ем-шараларды әр түрлі жерде іздеудің керегі жоқ. Біздің орталықта  қажеттінің барлығы бір жерге жинақталған. Біз барлығын кешен түрінде ұсынамыз.  Сонымен бірге біз ресми түрде патенттелген авторлық әдістеме бойынша жұмыс істейміз, - дейді Урумхан Камитовна.

НЕЛІКТЕН ОҢАЛТУДЫ ДЕР КЕЗІНДЕ БАСТАҒАН ДҰРЫС 

Отадан кейінгі оңалтуды ерте бастаған абзал. Себебі кез келген жарақаттың салдары мен асқынулары болуы мүмкін. Өкінішке орай науқастар қалпына келтіру көмегіне кеш жүгінеді және оңалтудың қажеттілігін түсіне бермейді. Бұл үлкен мәселе болып табылады.

«Оңалтуды кеш бастау аяқ-қол мен буындардың сіресіміне немесе отадан кейінгі тігістің қатаюына әкелуі мүмкін. Сол кезде ота тігісі сіңір мен жүйке талшықтарын қысып қалады. Оңалтуға дұрыс мән бермеу жиі отаны қайта жасауға әкеледі!» - деп ескертеді дәрігер Исаева.

Урумхан Исаева отадан кейін барлығы өздігінен қалпына келетініне үміттенбей, оңалту үрдісін дер кезінде бастауды науқастардан өтінеді.

«Әдетте отадан кейін 3-4 апта күту керек, - деп дәрігер Исаева кеңес береді. – Оңалту әлсіз жүктемелерден басталады, одан кейін міндетті түрде 2 апталық демалыс беріледі. Демалыстан соң қарқынды жүктемелер басталады. Оңалыс пен динамикаға байланысты ем-шаралары 1-2 айдан кейін қайталанады. Микрохирургиялық оталар жасалған науқастар жарақат пен ота күрделілігіне байланысты 4-5-7 және одан да көп курс өтуі қажет болады».

АЛЬНУР-МЕД-те ОҢАЛТУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Оңалтудағы ең негізгі аспект – кешенділік және даралық. Оңалту шараларын таңдаған кезде көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді, жасын, жынысын және ем-шараларды жеке қабылдай алушылықты қатаң ескеру қажет.

«Біздің оңалту бағдарламамызға кіреді: емдік массаж, физиоем (электрофорез, амплипульстерапия («Бернар тоғы»), электростимуляция, ультрадыбыс (фонофорез), магнитотерапия, биоптрон, ЕДШ, озокеритотерапия (парафин), - дейді реабилитолог. – Әр әдістің әсер ету интенсивтілігіне қарай өз ерекшеліктері, нақты параметрлері және әсер ету механизмі  бар. Осыған байланысты оңалтудың әр кезеңін әлсіз, орташа және күшті интенсивті деп ажырату қажеттілігі туындайды».

Физиотерапия – қайта қалпына келудің негізгі компоненті. Ем-шаралар ісінуді азайтуға, қан айналысын жақсартуға, жараның тез жазылуына, ауырсыну сезімін басуға көмектеседі. Оңалтудың әр кезеңінде ем-шарадан кейінгі нәтиже деп аталатын жағдай болады. Яғни оңалту курсын аяқтаған соң науқасқа 2 аптадан 1,5 айға дейін үзіліс беріледі. Белгілі бір физикалық әдіс көмегімен ағзаға көрсетілген әсер осы уақыт аралығында өз ықпалын жалғастырады және жүргізілген оңалтудың одан да үлкен нәтижесін науқас 2-3 аптадан соң көреді. Оңалтуды бастау мерзімі мен оны жүргізу ерекшелігінің маңызын дәрігер Исаева айрықша баса айтты. Дәрігердің арнайы дағдысы, шыдамдылығы және жылдар бойы жинаған тәжірибесі арқылы келетін сауатты тәсілі болуы қажет.

«Оңалтудың мерзімін сақтамау, мысалы, ерте бастау қалпына келген аяқ-қолдың (сіңір немесе жүйкенің) үзілуіне әкелуі мүмкін. Ондай оңалту өте көп еңбекті талап етеді, басқаша зергерлік деп айтса да болады. Бір науқасқа орта есеппен 3 және одан да көп сағат жұмсалуы мүмкін. Барлығы жасалған отаның күрделілігіне және күтімсіздікке, яғни науқастың оңалту көмегіне кеш жүгінуіне байланысты болады, - деп жазылу сырымен бөліседі. – Мысалы, мен оңалтуды сулы ортада немесе белгілі температурадағы компрестермен, белгілі бір жаттығулармен, тіпті аяқ-қолдың белгілі бір қалпымен бастаймын. Сіз жарақаттанған саусақтармен жұмыс жасаған кезде қандай күш салу керектігін сезінуіңіз қажет. Ондай тәжірибе жылдарменен келеді».

Әрине, науқастар «Альнур-мед»-ке қуана-қуана келеді. Себебі сарафандық радио жұмыс істейді. Оған қоса бұл микрохирургиялық оталардан кейін жалғыз қалпына келтіру орталығы болып табылады.

ПАТЕНТКЕ АЙНАЛҒАН ОҢАЛТУДЫҢ КӨПЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Дәрігер Исаева науқастардың мәселелері мен ауру сезімін түсінеді.

«Менің оңалтумен айналысуыма 10 жасымнан бастап аяғыма жасалған бірнеше отаны басымнан өткізуім себеп болды. Бала кезімде толыққанды оңалту жүргізілмегендіктен, есейген кезімде тағы бір ота жасатуға тура келді. Мен өзім оңалтудың барлық тосқауылдарын өттім. Сол балалық шағымда мен дәрігер боламын деп шештім», - дейді дәрігер.

Медициналық училищені бітірген соң Урумхан Исаева мейірбикелік іс институтына оқуға түсіп, содан кейін туризм және спорт академиясында білім алып, одан әрі С.Ж.Асфендияров атындағы медициналық университетті тәмамдады. Ол - дәрігер-реабилитолог, ЕДШ, массаж, физиотерапия маманы.

«Егер қазір менен мамандығыңды ауыстырасың ба деп сұраса, «жоқ» деп жауап берер едім. Қазақстанның әр жерінен әр түрлі проблемалары бар науқастарды, әсіресе жарақат алып, ары қарай қалай өмір сүретінін білмейтін, бірақ оңалтудан соң күлімсіреп, толыққанды өмір сүретін жас қыздарды көргендегі сезімді ешнәрсемен салыстыруға болмайды, - дейді ол. – Бұл менің борышым, тіпті хоббиім деп айтса да болады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Біздің орталықта оңалтуды әлдеқашан өтіп кеткен науқастар хал-жағдайымызды сұрауға келгенде қатты қуанамыз!»

Урумхан Исаева «Альнур-мед» орталығын 2014 жылы ашқан. Соған дейін ол А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да жұмыс істеген. Онда көптеген микрохирургиялық оталар жасалады. Бұл - бүккіш, жазғыш сіңірлер мен жүйкелерге жасалатын, ұзақ уақыт оңалтуды қажет ететін күрделі оталар.

«Мен баға жетпес тәжірибе алдым. Мен науқастардың отадан кейін оңалтуды өту үшін баратын жерлері жоқ екенін көрдім. Осылайша көптен бері ойлап жүрген өз медициналық орталығымды ашу идеясы жүзеге асырылды, - деп әңгімемізді жалғастырды. – Бір кабинеттен бастадым. Еңсемді түсірмедім, жалғыз өзім жұмыс істедім, өз орталығымды дамыттым. 2019 жылы мен өз әдістемемді патенттедім. Енді одан әрі өсіп, оңалту бойынша оқыту орталығын ашқым келеді. Себебі басқаларға беретін тәжірибем жеткілікті».

Исаеваның патенті микрохирургиялық оталардан кейін науқастарды қалпына келтіру әдістемесіне берілген.

«Өз әдістемемді патенттеу арқылы мен жаңа ешнәрсе ойлап шығарған жоқпын. Бұл әдістердің барлығы бұрыннан белгілі. Бірақ мен ұзақ жылдар бойы осы патологиямен жұмыс істедім және микрохирургиялық оталар жасалған науқастардың оңалтуының бастамасы мен мерзімдерін практика жүзінде зерттедім. Мен оңалтудың және қалпына келтірудің барлық әдістерін жарақат түрі мен мерзіміне қарай қадамдық реттедім. Бұл осындай науқастардың қалпына келуінде өте маңызды орын алады», - деп нақтылайды дәрігер.

Қазіргі уақытта Альнур-мед оңалту орталығы – қамқорлық танытатын, ауырсыну сезімін жеңуге көмектесетін, толыққанды қозғалыстың қуанышын қайтаратын жайлы орын.

 

Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

БАЛАДА ДЕНЕ ҚЫЗУЫ МЕН АУРУ СЕЗІМІ – НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

АҒЗАМЫЗДА ПАРАЗИТТЕРДІҢ БАР-ЖОҒЫН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ ?

«АҚЫРЫ МЕН ӨЗ ДӘРІГЕРІМДІ ТАПТЫМ!» Қыркүйек айының үздік дәрігері

АЛМАТЫДА МРТ-НЫ ҚАЙДА ЖАСАҒАН ДҰРЫС?

TOPDOC.ME ҰСЫНАТЫН КЕҢЕСТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

КӨКТЕМГІ D ДӘРУМЕНІ: КӨҢІЛ-КҮЙДІ КӨТЕРІП, СЕРГІТІП, АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ