Шымкент
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00.
0

Электронды-сандық тәуелділіктен қалай арылуға болады (цифровая детоксикация)

Цифровой детокс, электронды-сандық  тазару

Әлемдік технологиялық жаһанданудан бас тарту сізге уақыт үнемдеумен қатар тәніңіздің психикалық сауығына өте ауқымды әсер етеді

Ғаламторға тәулік бойы тәуелді болу - қазіргі кезде қалыпты өмір салтына айналған. Таңның атыспен сізді смартфоныңыз қоңыраулатып оятады. Жұмысқа көгілдір экрандағы қойылған жаңалықтарыңызбен жиналасыз, содан кейін мессенджерлердегі жазылған хабарламаларды қарау мен аяқтайды. Солай күні бойы, біресе электронды тіркемеңізге келген хабарламаларды қарайсыз, біресе дос-жарандарыңызға жазасыз, Facebook пен Instagramдыда шолып өтесіз. Ал кешке өзіңіздің сүйікті бағдарламаларыңызды көресіз, Ғаламтордан сауда-саттық жасайсіз және әлеуметтік желіде де болып жатқан өзгерістерге де көңіл бөліп үлгересіз. Дәл жатар алдында смартфоныңыздағы медитациялық жүктемені пайдаланасыз.

Бұл кез-келген адамның қалыпты бір күндік өмірі. Ал енді байыптап, ойланып қарасаңыз, адамдар тәулігіне көгілдір экранға төрт сағат, ал басқа электронды-сандық құралдарға жеті сағатқа дейін уақыт келтіреді. Жасыратыны жоқ, көгілдір экранға көп уақыт кетіруден талайымыздың жүйкеміз сыр бере бастағаны заңды нәрсе.

Сізді электронды-сандық тәуелділіктен құтқаратын бірден-бір амал - электронды-сандық  тазару (цифровая детоксикция). Зерттеулер нәтижесі электронды-сандық тазару, сіздің қарым-қатынасыңызды, көңіл-күйіңізді, ұйқыңызды жақсарады. ӨЗ-ӨЗІҢІЗДІ ТАЗАРТУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Электронды-сандық тәуелділіктен тазару, арылу дегеніміз не?

Бұл белгілі бір мезгілге, уақытқа электронды-сандық құрылғыларды, жалпыға бірдей ақпарат беру құралдарын пайдаланудан бас тарту. Бірақ адамдардың бәрі бірдей емес. Электронды-сандық сауығу-тазару кезінде мынадай әдеттерден алшақ болу керек:

  • электронды тіркемеңізді тексеру;
  • әлеуметтік желілерді шарлау;
  • бейне-ойындарды ойнау;
  • WhatsApp тіркемеңіздегі хабарламаларды айналдыру;
  • сматрфон және планшет пайдалану;
  • жаңалықтарының және басқада бағдарламаларды қарау.

Әлеуметтік желіден тазару

Электронды-сандық айығу-тазарудың ең бір танымал түрі - әлеуметтік желі арқылы араласу  және желіні парақтаудан уақытша бас тарту. Әлеуметтік желі сізді өзге адамдармен байланыстыратын жақсы нәрсе, бірақта оның денсаулығыңызға жаман әсері тағы бар. Әлеуметтік желідегі жаман, келеңсіз жағдайлар сізге қорқыныш ұялатады, депрессияға    әкеледі, сонымен қатар өз-өзіңізді бағалау қабілетіңізді төмендетеді. Жағымсыз көңіл-күйге кіретіндер:

  • оқылған жүктемеден кейін пайда болатын ызаланып немесе жүйкеңіздің қозуы;
  • кибербуллинг (желідегі сөз арқылы бірді-бірге айдап салу);
  • желідегі жаңалықты немесе бір өзгерісті жіберіп алу қорқынышы;
  • жалғыз қалу немесе жекелену қорқыныш сезімі;
  • әлеуметтік салыстырылымдылық.

Электронды-сандық айығу-тазару сізге не береді

Электронды-сандық айығу, бұл-жақандану сізге осы өміріңізден де жақсы өмір сүрге кедергісі  бар ма, жоқ па соны білуге бірден-бір жақсы амал.

Әлемдік жаһандану құрылғылары пайдаланудан бас тарту болашағыңызға үлкен жол  ашады: жұмыс істеу қабілетіңізді жоғарылату мен қатар, жанұядағы, дос-жаран арасындағы қарым-қатынастарды тереңдете түседі. Технологиялық тайм-аут алу нәтижесін мынадан көрген болады:

Көңіл бөлу қабілетіңіз күшейеді

Электронды құрылғылардағы қайта-қайта шығатын дыбыстық ескертулер сізді жан- жағыңыздағы өтіп жатқан қазіргі мезеттегі өміріңізден ойыңызды бөледі. Электронды-сандық айығу-тазару кезінде өзіңізді қоршаған ортадан көп өзгерістерді байқайсыз, сезесіз. Сіздің миыңыз алдыңызға қойған мақсаттарыңызға бұрынғыдан да күшті ынта бөледі.

Жүйкеңіздің қозуы азаяды

Көп адамдар үшін өте көп жаңалықтар жүйке қозуына, көңіл-күй нашарлауына әкеледі. Көп  адамдар жаңалықтарды көп көргеннен кейін өте жабырқау, құлазыған күйде болады. Олар Ғаламтор жаңалықтарын пайдалануды азайтып басқа шаруаларға араласса бірден өздерін  жақсы сезінеді.

Ең жақсы әлеуметтік қатынас

Көңіліңізді бөлетін электронды-сандық әсерді азайту, сізге қоршаған ортаңызға көңіл бөлуіңізге көп уақыт береді. Мысалы: егер кешкі аста сіздің көңіліңізді бөлетін құрылғылар    болмаса уақытыңызды жанұяңызға көбірек арнайсыз. Немесе досыңызға хабарлама жазғанша, оған қоңырау шалып сөйлесіп жағдайын біліңіз.

Өз уақытыңызға өзіңіз қожайын боласыз

Смартфоныңызды тексеру немесе әлеуметтік желіге кіру сізге өте қажет болып тұрғанын  сезінесіз бе? Бұл жағдайда сіз жалғыз емессіз. Адамдар орта есеппен кем дегенде смартфонын күніне 96 рет тексереді және 2 сағаттан артық әлеуметтік желіде отырады. Көп адамдар үшін ұялы телефонын немесе желіні тексеру бұл 1-2минутқа қолы босағанда  істелетін шартсыз рефлекс болып кеткен. Электронды-сандық жүйелерден бас тарту сіздің қалауыңызсыз жасалатын таңдаулармен  күресуге көмектеседі.

Электронды-сандық айығу-тазару, сандық детоксӨЗ ӨМІРІҢІЗДЕН ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ГАДЖЕТТЕРДІ АЛЫП ТАСТАУДЫҢ БІРДЕН-БІР КӨРСЕТКІШТЕРІ

Сізге электронды-сандық айығу-тазару керек немесе керек емес пе, білгіңіз келе ме? Егер сізге Ғаламтор жаңалықтарын пайдаланудан төмендегі келтірілген әсерлердің бірі байқалса, сізге электронды-сандық айығу-тазару өте қажет:

  • Депрессия;
  • Өте жоғары қозғыштық, көңіліңіздің қалуы немесе тез ызаланып;
  • Сенімсіздік;
  • Ұйқыңыздың қашуы;
  • Пайдалану, жауап беру, тіркелу парызы тұрса.

Электронды-сандық жүйенің сіздің өміріңіздің басқа да салаларына әсер етуінен сақ болғайсыз. Егер Ғаламторға көп уақыт бөлу нәтижесінде сіз үй шаруасындағы және жұмысыңыздағы өз міндеттеріңізге салғырттық танытсаңыз - электронды-сандық айығу-тазару туралы ойланыңыз!!! Сіз адамдармен тікелей араласудан, Ғаламтор арқылы сөйлесу, хабарласуды артық қойсаңыз, бұл электронды-сандық тәуелділіктің ең бір қауіпті белгісі.

Электронды-сандық айығу-тазаруды қалай өту керек

Егер сіз электронды-сандық айығу-тазаруға дайын болсаңыз, онда келесі әрекеттерді жасаңыз:

1. Ең бастысы нені өзгерткіңіз келетінін шешеңіз

Алдымен не кедергі анықтаңыз.Сіз үнемі өз смартфоныңызға қосылғансыз ба? Жаңалықтар сізді уайымдатада ма? Сіз әлеуметтік желіге көп уақытыңызды бөлесіз бе? Өзіңіз үшін анық шешіңіз, Сіз қай әрекеттеріңізді азайтқыңыз немесе мүлдем доғарғыңыз келеді.

2. Алдыңызға мақсаттар қойыңыз

Қай құрылғыны пайдалануды азайтқыңыз келеді, қайсысын мүлдем доғарғыңыз келеді соған байланысты алдыңызға нақты мақсат қойыңыз. Бұл бір тәулік пе, немесе бірер сағат па, онда нақты шешіңіз. Мысалы: сіз әлеуметтік желіде тәулігіне 15 минут ғана отырам деп шешерсіз, немесе  түнгі ұйқыға жатарда смартфоныңызды басқа бөлмеге апарып қоямын деп, немесе жексенбі күні Ғаламтордан, смартфоныңыздан толық бір тәулікке бас тартам деп шешім қабылдауыңыз мүмкін.

3. Уақыт бөлу

Электронды-сандық тәуелділіктен айығу-тазару үшін уақыт керек. Кем дегенде 2 аптаға жоспар құрыңыз. Сіз жағымсыз әдеттеріңізден арыла бастағаныңызға  нақты көз жеткізуіңіз керек.

4. Сізге көмек қолын созатын адам табыңыз

Сіздің жоспарыңызды, алға қойған мақсатыңызды бақылап, қолдап отыратын сізге жақын дос немесе жанұяңыздың бір мүшесі керек. Сізді қолдайтын адаммен өз жоспарыңызбен бөлісіңіз. Олардан смартфонға тәуелділіктен қалай арылуға болатыны туралы кеңес сұрауға болады.

5. Өз жеткен жетістіктеріңізге баға беріңіз

Электронды-сандық айығу-тазару басталғаннан  кейін бірнеше тәуліктен соң қалай өтіп жатқанына өзіндік баға беріңіз. Тегінде бір тәуелділікті екіншісіне алмастырып алудан сақ болыңыз!!! Мысалы: сіз Facebook пайдаланудан бас тартқаныңызбен енді Instagram желісінде отыратын болдыңыз, онда сізге әлеуметтік желілерді толық ажырату керек шығар?

6. Ең алдымен бірнеше жылға алдыға кететін жақсы әсерге бой алдырыңыз

Ең алдымен электронды-сандық айығу-тазару кезіндегі жағымды жайттар мен алдыңыздан шыққан кедергілерге терең ой жүгіртіңіз. Сіз 3 сағат тапжылмай жаңалық көруден бас тартқанда  өміріңізде не өзгерді? Instagram мен Facebook қолдануды шектегеніңізде не сезіндіңіз?  Бұл әрекеттер жеңіл тиді ме, немесе сіз ойлағаннан қиын ба екен? Содан кейін өзіңіз үшін шешіңіз, осы өзгерістердің қайсысын ары қарай жалғастырғыңыз келеді. Мысалы: жанұямен тамақтанғанда ас үйде ешкім смартфон пайдалануға болмайды  деген жанұялық заң деп қабылдауыңызға болады.

Электроды-сандық айығу-тазарудың мәнісі мында: сіз күш қуатыңызды, уақытыңызды, ой-қабілетіңізді қандай нәрсеге шығындайсыз соған өз-өзіңіздің алдыңызда жауапкершілік алу. Бұл сізге алдағы өміріңізде керек емес, түкке тұрғысыз әдеттерден арылып, өз өміріңізге, денсаулығыңызға пайдалы, тиімді басқа жаңа  әдеттерге бой алдыруға жол ашады!

Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен психологтың кеңесіне жазылыңыз:

- сайтта өтінім қалдыру,

- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.

 Әлеуметтік желіден тазару, сандык детоксикация