• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • Жаңа коронавирус (COVID-19) деген не? Қаншалықты ол қауіпті?

    коронавирус

    TopDoc.me сіздерге жаңа коронавирустың (COVID-2019) таралуына байланысты тұрғындарға арналған БДҰ ұсыныстарын жариялады.

    COVID-19 деген не?

    COVID-19 —SARS-CoV-2 деп аталатын жаңа коронавируспен шақырылатын ауру. БДҰ жаңа вирус туралы 2019 жылдың 31 желтоқсанында  Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында «вирустық пневмония» ауруының жағдайы туралы хабарламадан білді. 

    COVID-19 клиникалық белгілері қандай?

    COVID-19-дың кең тараған клиникалық белгілеріне жатады:

    • безгек;
    • құрғақ жөтел;
    • шаршағыштық.

    Науқастарда кездесетін басқа да аса кең тарамаған белгілеріне жатады: 

    • иіс сезу немесе дәм сезудің жоғалуы;
    • мұрынның бітелуі;
    • конъюнктивит (немесе көздің қызаруы);
    • тамақтың ауыруы;
    • бас ауруы;
    • бұлшықет пен буындардағы ауру сезімі;
    • терідегі әр түрлі бөртпелер;
    • лоқсу немесе құсу;
    • диарея;
    • қалтырау немесе бас айналу.

    COVID‑19-дың ауыр ағымы келесі симптомдармен көрінеді:

    • ентігу;
    • тәбеттің жоғалуы;
    • сананың шатасуы;
    • үздіксіз ауру сезімі немесе кеуде қуысындағы қысылу сезімі;
    • дене қызуының жоғарылауы (38°C-тан жоғары).

    Басқа да аса кең тарамаған симптомдарға жатады:

    • ашушаңдық;
    • сананың шатасуы;
    • сана деңгейінің төмендеуі (кейде тырысулармен қатар жүреді);
    • үрейлік;
    • жабырқаңқы көңіл;
    • ұйқының бұзылысы;
    • инсульт, мидың қабынулық зақымдануы, делирий және жүйкенің зақымдануы сияқты ауыр және сирек кездесетін неврологиялық асқынулар.

    Кез келген жастағы адамдар өздерінде  безгек және/немесе жөтел белгілерімен қатар тыныс алудың қиындауы немесе кеуде қуысының қысылу сезімі, сөйлеу немесе қозғалыс бұзылыстарын байқаса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. 

    Барлығынан хабардар болыңыз.

    Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.

    Covid-19-бен ауырған адам не күтуі мүмкін?

    Ауру белгілері байқалған науқастардың көпшілігі (80% жуығы) ауруханаға жатқызу қажеттілігінсіз емделіп кетеді. Науқастардың 15%-ға жуығында оттегімен емдеуді қажет ететін аурудың ауыр түрі, ал 5%-да қарқынды терапия бөлімшесі жағдайында емдеуді қажет ететін аса ауыр түрі дамиды.

    Фатальды асқынулар, соның ішінде тыныс жетіспеушілігі, жедел респираторлық дистресс-синдром, сепсис және септикалық шок, тромбоэмболия және/немесе полиоргандық жетіспеушілік, яғни жүрек, бауыр немесе бүйрек зақымданулары болуы мүмкін. 

    Сирек жағдайда балаларда жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан соң ауыр қабынулық синдром дамуы мүмкін. 

    COVID-19-да ұзақ уақытқа созылатын салдары бар ма?

    COVID-19-бен ауырып өткен кейбір науқастарда ауруханаға жатқызу қажеттілігі болғанына немесе болмағанына қарамастан аурудың әр түрлі белгілері сақталады:

    • өкпенің зақымдануы
    • жүрек бұлшықетінің зақымдануы немесе қабынуы, мысалы миокардит немесе перикардит
    • есте сақтау қабілеті немесе концентрацияға әсер ететін когнитивті бұзылыстар
    • қан тамырларына әсер ететін жағдайлар, мысалы қан ұю
    • инфаркт, инсульт немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты асқынулардан болатын ұзақ әсерлер
    • үрей, депрессия немесе жарақаттан кейінгі синдром
    • бұлшықеттегі немесе буындағы ауру сезімі
    • созылмалы шаршағыштық

    Кімнің вирусты жұқтырғанын білмесек, өзімізді және басқаларды қалай қорғау керек?

    Өзіңді қауіп-қатерден сақтау үшін қорғаныштың қарапайым шараларын қолданған жөн.  Атап айтсақ, басқалардан ара-қашықтықты сақтау, маска тағу (әсіресе ара-қашықтықты сақтау мүмкін болмаған жағдайда), бөлмені желдету, адамдар көп жиналатын жерде жүрмеу, айналадағы адамдармен жақын қатынастардан аулақ болу,  үнемі қолдың гигиеналық өңдеуін жүргізу және жөтелген кезде шынтақтың бүгілген жерімен немесе майлықпен ауызды жабу керек.   

    COVID-19-ды растау немесе керісінше жоққа шығару үшін қандай тест жасау қажет?

    SARS-CoV-2 вирусын анықтау үшін және жұқпаны растау мақсатында полимеразды тізбекті реакцияға (ПТР) жүгінеді. Материал үлгісін мұрын немесе тамақтан алады. ПТР вирусты үлгіде оның генетикалық материалының көпреттік көбеюі нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. ПТР жұқтыру көзімен қатынаста болған соң бірнеше күннен кейін  белсенді жұқпаны растау үшін қолданылады.    

    SAPA әлеуметтік медициналық зертханада  SARS-CoV-2 анықтауға арналған ПТР талдауы  8200 теңге  тұрады және 1-2 күн ішінде дайын болады.

    COVID-19-бен ауырып өткеніңізді қандай сынама арқылы анықтауға болады?

    Антиденелерді анықтауға арналған сараптама жұқпамен бұрын ауырып өткенді, тіпті ешқандай белгілер болмаған жағдайда да анықтауға мүмкіндік береді. Сараптаманы жасау үшін қан үлгісі қажет болады. Онда жұқпаға қарсы түзілген антиденелердің деңгейін анықтайды. Көптеген адамдарда антиденелер жұқтырғаннан кейін бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі аралықта түзіле бастайды және олардың қанда болуы аурумен сырқаттанып өткенді білдіреді. Антиденелерді анықтауға арналған сараптамалар ауруды жұқтырғаннан кейін бірден немесе аурудың ерте кезеңінде COVID-19 диагностикасы үшін тиімсіз. Бірақ аурумен бұрын ауырып өткенді анықтауға мүмкіндік береді. 

    SAPA әлеуметтік медициналық зертханада иммуноглобулиндердің  IgG және IgM кластарын анықтау үшін жүргізілетін талдау 4300 теңге тұрады және 1-2 күнде дайын болады.   

    Адамдарда антиденелердің болуы иммунитеттің бар екенін білдіреді ме? 

    SARS-CoV-2 жұқпасымен ауырып өткен кейбір науқастарда антиденелер түзіледі. Алайда осы антиденелердің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, аурудың ауыр түрімен науқастанған адамдарда антиденелердің деңгейі жоғары болады, ал  ауруы симптомсыз немесе жеңіл түрде өткен адамдарда антиденелер деңгейі төмен болады. Қазіргі уақытта қорғаныс үшін антиденелердің қандай деңгейі керек және ағзада антиденелер қаншалықты ұзақ уақыт сақталатыны  әлі толық анық емес. 

    SARS-CoV-2 жұқпасымен ауырған адамдар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін бе?

    Қазіргі таңда SARS-CoV-2 қайта жұқтыру жағдайлары туралы ақпараттар бар. Бәлкім, қайта жұқтыру жағдайлары туралы жаңа ақпараттар тіркелуі мүмкін және біріншілік пен екіншілік жұқтыру кезіндегі иммунды жауаптың рөлін түсіну үшін ғалымдар зерттеулерді жалғастырып жатыр. 

    Ұжымдық иммунитет дегеніміз не?

     «Ұжымдық иммунитет» түсінігі екпеге қатысты қолданылады. Ұжымдық иммунитет вакцинациямен қамту мәнінің белгілі бір шегіне жеткен кезде халықты кез келген вирустан қорғанышпен қамтамасыз ете алуы мүмкін. Ұжымдық иммунитет адамдарды вирус әсеріне ұшыратпай, керісінше вирустан қорғаған кезде өз шегіне жетеді.   

    Вакциналар біздің иммунды жүйеге антиденелер өндіруді үйретеді,  бірақ ең маңыздысы, вакциналар бізді сырқаттандырмай жұмыс істейді. Вакцина егілген адамдар жоғарыда айтылған аурудан қорғалған. 

    Халық арасында көбісі вакцинаны қабылдап жатыр, сәйкесінше адамдардың аз бөлігі ауруға осал келеді. Бұл патогеннің адамнан адамға жұғу мүмкіндігін азайтады. Осы арқылы біз басқа да қауіпті ауруларға байланысты вакцина қабылдай алмайтын адамдарды аурудан қорғай аламыз. Бұл «ұжымдық иммунитет» деп аталады.

    COVID-19 адамдар арасында қалай тарайды?

    Вирус инфицирленген науқастың мұрын немесе ауыз қуысынан жөтелу, түшкіру, сөйлеу, ән айту немесе терең дем алу кезінде майда сұйық бөлшектер түрінде тарауы мүмкін. Бұл сұйық бөлшектердің мөлшері әр түрлі болады, яғни ірі «респираторлық тамшылардан»  кішкентай «аэрозольдерге» дейін болуы мүмкін. Басқа адамдар COVID-19-ды олардың аузына, мұрнына немесе көздеріне вирус түскенде жұқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай  инфицирленген адаммен тікелей немесе өте тығыз қатынаста болғанда (1 метрден аз қашықтықта) жүзеге асырылады. 

    Вирус келесідей 3  жағдайда жеңіл таралуы мүмкін:

    • Жақын маңда адамдар көп жүретін жерлер;
    • Тығыз қатынаста, әсіресе адамдар бір-бірімен өте жақын сөйлескенде;
    • Жабық, желдетілуі нашар бөлмелерде.

    Сонымен қатар вирус инфицирленген адамдар түшкіргенде, жөтелгенде және беткейлерді немесе үстел, есік тұтқалары сияқты заттарды ұстаған кезде тарауы мүмкін. Кейбір адамдар осындай ластанған беткейлерді ұстап, қолдарын жумай,  өздерінің көздерін, мұрнын немесе аузын ұстау арқылы жұқтыруы мүмкін. 

    Дексаметазон мен COVID-19

    Дексаметазон – қабынуға қарсы және иммуносупрессивті препарат ретінде бірнеше патологиялық жағдайларда қолданылатын кортикостероид. Кейбір зерттеулердің  нәтижелері бойынша аурудың аса ауыр түрлерінде науқастарға дексаметазонды тағайындаудың оң әсері бар екені анықталды.    

    2020 жылдың 2-ші қыркүйегінде БДҰ COVID-19 емі үшін дексаметазонды және басқа да кортикостероидтарды қолдану бойынша уақытша ұсыныстар  дайындап шығарды. Бұл ұсыныстар БДҰ мамандар тобымен, сонымен қатар халықаралық сарапшы, зерттеушілермен жасалды  және 7 клиникалық сынақтардан кейін алынған нақты деректерге негізделген.  

    Құжатта екі ұсыныс бар:

    1-ші ұсыныс. БДҰ COVID-19-дың ауыр және критикалық түрімен сырқат науқастарды емдеу үшін кортикостероидтарды (дексаметазон, гидрокортизон немесе преднизон)  ауыз арқылы немесе бұлшықетке енгізуді қатаң ұсынады

    2-ші ұсыныс. БДҰ  COVID-19-дың ауыр емес түрінде, тек науқас басқа ауруын емдеу үшін бұл препаратты әлдеқашан қабылдап жүрген жағдайдан басқа уақытта, кортикостероидтарды қолдануды ұсынбайды

    Қабылдау режимі және курс ұзақтығы: препаратты қабылдау  тәулігіне 1 рет 7-10 күн бойы жүзеге асырылады. Дексаметазонның тәуліктік мөлшері 6 мг, бұл гидрокортизонның 160 мг (яғни 50 мг әр 8 сағатта немесе 100 мг әр 12 сағатта), преднизонның 40 мг, метилпреднизолонның 32 мг (8 мг  әр 6 сағатта) тең болып табылады.

    Дексаметазон негізінен қауіпсіз препарат болып табылады. Емнің қысқа мерзімдік курсында кортикостероидтарды қабылдау қауіпті жанама әсерлер шақырмайды. Қанда глюкоза деңгейінің уақытша жоғарылауы (гипергликемия) мүмкін. Препаратты ұзағырақ қабылдау (яғни екі аптадан ұзақ) глаукома, катаракта, сұйықтықтың іркілуі, гипертензия, психологиялық әсерлер (мысалы, көңіл-күйдің күрт өзгерісі, есте сақтаудың бұзылысы, сананың шатасуы немесе ашушаңдық), салмақ қосу немесе жұқпаның және остеопороздың жоғары қаупі сияқты жағымсыз реакциялар шақыруы мүмкін.  

    Осындай барлық жағымсыз белгілер препаратты ұзақ уақыт қабылдаған кезде ғана пайда болатынын естен шығармаған жөн.

    ДЕКСАМЕТАЗОНДЫ ҚАТАҢ ТҮРДЕ ДӘРІГЕРДІҢ НҰСҚАУЫМЕН ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК!

     

    Мүмкін сізге COVID-19 жайлы мақалалар пайдалы болар: 

    КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР 

    КОРОНАВИРУСТЫҢ ТОП-5 САЛДАРЫ: НЕ СЕБЕПТІ АУЫРМАҒАН ДҰРЫС

    КОВИДТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

    19.02.2020