Кокшетау
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00.
0

Балалар өсуі кезіндегі ауырсыну: олардың аяқтары түнде неге ауырады?

Балалар аяқтарының түндегі ауырсыну синдромы, боли роста у детей

Балалар аяқтарының түндегі ауырсыну синдромы, оның себебі неде, қандай белгілері бар және балаға қалай көмектесуге болады

Балалардан түнде аяқтарының ауыратыны сияқты шағымдарды естіген шығарсыздар немесе бұл сезім сіздердің балалық шағыңыздан есте қалған болар. Өсу кезіндегі ауырсыну мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар ата-аналардың жиі кездесетін мәселелерінің бірі екенін педиатрлар растайды.

Аяқтар мен тізелер жиі ауырады, алайда ауырсыну қолдарда да болуы мүмкін. Бірақ өсу кезіндегі ауырсыну шын мәнінде өсумен байланысты емес.

Балалардағы өсу кезіндегі ауырсыну дегеніміз не 

Бұрынғы уақытта баланың сіңірлері сүйектеріне қарағанда тез өскен жағдайда өсу кезіндегі ауырсыну дамиды деп есептелген. Алайда қазір бұл гипотеза жоққа шығарылды. Бұл ауырсынулар тез өсу кезеңінде дамымайтыны анықталды. Сонымен қатар олар белсенді өсу аймақтарына әсер етпейді. Дәрігерлер осы күнге дейін өсу кезіндегі ауырсынудың негізгі себептерін анықтамады деп айтсақ болады. Педиатрлар ауру сезімі шаршағыштықпен, дененің орналасуымен, физикалық белсенділіктің өзгеруімен және психологиялық күйзеліспен байланысты деп болжамдайды.

Дәрігерлер өсу кезіндегі ауырсыну туралы нақты не біледі:

  • Ол шынайы;
  • Тұқымқуалаушылық факторы болуы мүмкін;
  • Қыздар және ұлдар арасында бірдей тараған;
  • Қауіпті аурудың белгісі емес;
  • Әдетте жасөспірімдік кезеңде басылады.

Сіздің балаңызда өсу кезіндегі ауырсыну бар-жоғын қалай білуге болады 

Зертханалық тексерулер мен рентген дәрігерге өсу кезіндегі ауырсынуды анықтауға көмектеспейді, алайда олар басқа да қауіпті ауруларды жоққа шығаруға көмектеседі. Әдетте диагноз дәрігердің баламен, оның ата-анасымен әңгімелескен соң және қарап тексеруден кейін нақты қойылады. 

Өсу кезіндегі ауру сезімінің  қарқындылығы мен жиілігі әр түрлі, олар жеңіл ауру сезімінен бастап бұлшықеттік спазмға дейін өзгеруі мүмкін. Бірақ жалпы белгілері бар:

  • Ауру сезімі түнде немесе кешкі уақытта басталуы мүмкін;
  • Ауру сезімі әрқашан екі аяқта немесе екі қолда сезіледі (алайда тек бір қол немесе аяқта болуы мүмкін);
  • Әрқашан аяқтар ауырады. Қолдағы ауру сезімі аяқтағы ауру сезіміне қосымша дамуы мүмкін;
  • Ауру сезімінің күштілігі соншалық, кейде бала түнде оянып, одан кейін қайта ұйықтай алмауы мүмкін.

Ауру сезімі 5 минуттан 20 минутқа дейін созылуы мүмкін. Ауру сезімінің эпизодтары бірнеше күнде бір рет, кейде бірнеше түн қатарынан болуы мүмкін. 

Балалар өсуі кезіндегі ауырсыну. Боли роста у детей

Қай уақытта баланы ауыр дерттің бар-жоғына тексеру керек 

Өсу кезіндегі ауырсыну барысында кейбір белгілер мүлде болмауы қажет. Оларды атап өтсек:

  • Ауру сезімі тұрақты және одан әрі үдейді;
  • Ауру сезімі күндізгі уақытта сақталады;
  • Ауру сезімі нақты буын аймағында болады немесе буынның қабынуы қызару, ісіну, қимылының шектелуімен көрінеді;
  • Ауру сезімі сіздің балаңызға белсенді болуға мүмкіндік бермейді.

Егер сіз жоғарыда аталған белгілердің бірін байқасаңыз, міндетті түрде дереу педиатрға қаралып, баланы тексеруден өткізу керек. 

Балалар аяқтарының түндегі ауырсыну синдромы. Боли роста у детей

Балалардың өсу кезіндегі ауру сезімі кезінде не көмектеседі

Ауру сезімін басатын дәрілермен абай болыңыз 

Балаңыз ауырсынудан оянған кезде ауру сезімін басатын дәрі беру туралы ой туындайды. Бірақ педиатрлар дәрілерді қабылдау кезінде абай болуға кеңес береді. Көп жағдайда ауру сезімін басатын дәрілер өсу кезіндегі ауырсыну белгілері байқалғанда жылдам әсер етпейді.

Егер балаңызды жиі, бірнеше түн қатарынан ауру сезімі мазаласа, онда ауру сезімін басатын дәрілер көмектесуі мүмкін. Алайда препаратты және оның мөлшерін тек педиатр тағайындау керек.

Массаж

Аяқтардағы ауру сезімі кезінде оны уқалау және сылау қажет.Бұл ең жақсы ем болып табылады. Бұл әдістер ауру сезімін жеңілдетуге, баланы тыныштандыруға, ұйқының қалпына келуіне көмектеседі.

Өсу кезіндегі ауырсынудан кейін баланың жағдайы қандай болады

Егер түнде балаңыздың аяқтары ауырса, онда ұйқысыздықтың әсерінен бала күндіз ашушаң, әлсіз болуы мүмкін. Бұл баланың қарапайым жұмыстармен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. Өсу барысындағы ауырсынуды болдырмау үшін баланың белсенділігін шектемеңіз. Бұл көмектеспейді, ал мәжбүрлі әрекетсіздік балаңыздың денсаулығына зиян келтіреді.

Балалар өсуі кезіндегі ауырсыну. Боли роста у детей

- - - - - - - - - - - - - - - - - - -

TopDoc.me-дің дәрігерлерді таңдау және дәрігердің қабылдауына жазу бойынша  қызметі сізге дұрыс педиатрды табуға көмектеседі. Сіз педиатрды еңбек өтілі, орналасқан жері, қабылдау құны және рейтингі бойынша таңдай аласыз. Ал нақты пациенттердің сенімді пікірлері нәрестеңіз үшін дәрігерді дұрыс таңдауға көмектеседі.

МАҢЫЗДЫ!

TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.

Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

Балада дене қызуы мен ауру сезімі – не істеуге болады?

Статьи Общее Педиатрия 08 Августа 2022