• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • Семіздік (Ожирение қазақша)

    Семіздік — май тіні есебінен дене салмағының артық ұлғаюын шақыратын зат алмасудың бұзылысы. «Семіздік» диагнозы дене массасы индексінің (ДМИ) негізінде қойылады. Бұл -  килограммдағы салмақтың метрдегі бойдың квадратына бөлу (мысалы, 65 кг:1,652=23,9). ДМИ 30-дан жоғары болса, семіздік дегенді білдіреді. 

    Семіздік дәрежесі:

    I дәреже - ДМИ 30,0–34,9

    II дәреже - ДМИ 35,0–39,9

    III дәреже – ДМИ 40,0 жоғары (морбидтік семіздік).

    Іш аймағында майдың жиналуы орталық семіздік, ал бүкіл дене бойынша майдың жиналуы  шеткері семіздік деп аталады. Егер бел көлемінің сан көлеміне қатынасы әйелдерде 0,8 және ерлерде 0,95-тен жоғары болса, науқас орталық семіздікпен ауырады дегенді білдіреді.

    Сіңірілетін энергияның жұмсалатын энергиядан артық болуы семіздіктің негізінде жатыр. Семіздіктің дамуына тамақтану режимі мен өмір сүру салтының дұрыс болмауы, жүйке және эндокринді жүйелердің қызметіндегі бұзылыстар әкеледі. 

    Диагностикасы

    Дәрігер-гастроэнтеролог  пен диетолог дене массасының индексін есептеуден басқа гормондар деңгейін анықтайтын талдау, магниттік-резонанстық томография, қанның жалпы және биохимиялық талдауын тағайындайды. Дененің құрамын анықтау үшін биоимпедансометрияны қолданады. Бұл - дене аймақтарының әр түрлі электрлік қарсыласуына негізделген зерттеу.

    Клиникалық белгілері

    Артық салмақтан басқа семіздікпен зардап шегіп жүрген науқастарда тірек-қимыл аппаратының (қозғалыс кезіндегі ауру сезімі), жүрек-қантамыр жүйесінің (тахикардия, ентігу, бас ауру), асқорыту жүйесінің қызметінің бұзылыстары (іш қату, панкреатит, холецистит, майлы гепатоз), психологиялық салада қиындықтар байқалады. 

    Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы кезіндегі семіздікке салмақты жылдам қосу тән. Май тіні негізінен іштің айналасына жиналады, май қыртыстары аймағында тері құрғақ болады, терінің созылулары байқалады. Гипоталамустық семіздік артериалды қан қысымының жоғарылауын, бас ауруын, жоғары тершеңдік, ұйқының бұзылысын шақырады.  

    Эндокриндік семіздік май тінінің біркелкі емес жиналуымен сипатталады. Ауыратын майлы түйіндер түзіледі. Әйелдерде бүкіл денесінде түктің өсуі(гирсутизм), ал ерлерде сүт бездерінің ұлғаюы (гинекомастия) мүмкін.

    Алғашқы көмек

    Семіздік біртіндеп дамиды. Мұндағы ең маңыздысы - салмақ қосуды дер кезінде анықтау және сіңірілетін калория мен оның шығынының арасындағы балансты түзетуге арналған шараларды қолдану.

    Әр түрлі шөптік жинақтарды, шәйлерді, тағамдық қоспаларды (іш айдайтын әсері бар) өздігімен қолдануға болады, бірақ бұл жағдайдың өзінде терапевт, диетолог, эндокринолог немесе отбасылық дәрігерлермен кеңесу керек. Өйткені қауіпсіз, табиғи заттардың өзі аллергия шақыруы, басқа  дәрілік заттармен үйлеспеуі, белгілі бір науқасқа қарсы көрсеткіш ретінде болуы мүмкін.

    Арықтауға арналып жасалған кейбір тамақтану жүйесі сияқты емдәмдер де қауіпті болуы мүмкін. Осылайша, моноемдәм (тек бір азық-түлік түрін пайдалану) авитоминозға және зат алмасудың басқа да бұзылыстарына  әкеледі.

    Емі

    Семіздіктің емін майлар мен көмірсулар шектелген, нәруыз бен жасұныққа (көкөніс) бай қарапайым емдәм мен физикалық белсенділіктен бастайды. Ғалымдар семіздікті емдеуге арналған әр түрлі емдәмнің тиімділігіне күмән келтіріп отыр. Бірақ салмақты азайтуда сіңірілетін энергияға қарағанда шығындалатын энергия көбірек болуы қажет екені айдан анық. 

    Эндокринологтартерапевттер мен диетологтар семіздікті емдеуде дәрілік заттарды кеңінен қолданылады. Препараттардың көпшілігі екі түрге бөлінеді: бірі аштық сезімін басуға (анорексиктер), басқалары сіңірілетін құнарлы заттардың санын азайтуға және метаболизмді жылдамдатуға бағытталған.   

    Дәрілердің екі түрінің де жанама әсерлері бар. Соның ішінде мазасыздық, қан қысымының жоғарылауы, ұйқысыздық, бас айналу, тершеңдік, іш қату, лоқсу байқалады.

    Семіздіктің себептерінде жиі адамның психологиялық жағдайы ерекше орын алады. Бұл кезде психолог немесе психотерапевт көмегі тиімді болады. 

    Антидепрессанттар, эпилепсияға қарсы препараттар және арықтауға арналған басқа да қатты әсері бар препараттарды қолдану пайдасынан гөрі зиянының басымдылығына алып келеді.  

    Семіздікті емдеуде хирургиялық кірісулердің  максималды әсері бар. Оның бірнеше түрі ажыратылады:

    • асқазанды шунттау: оны екі бөлікке бөлу, бұған қоса кіші бөлігіне 50 мл көлемдік тік ішек тігіледі, осылайша 1) қолданылатын тағам мөлшері азаяды, 2) тағам қысқа жолмен жылжиды және құнарлы заттардың сіңірілуі азаяды;
    • асқазанның түтіктік резекциясы (жоғарыда сипатталған принцип бойынша);
    • асқазандық бандаж (тағамның өтуін қиындататын және тоқтық сезімін тудыратын өңеш пен асқазан шекарасындағы сақина);
    • асқазан ішіндегі баллон (шын мәнінде бұл ота емес, асқазан қуысына өңеш арқылы көлемді азайтатын баллонды енгізу).

    Пластикалық оталар мен липосакция емдік шараларға жатпайды. Дәрігерлердің пікірі бойынша бұлардың пайдасынан гөрі зияны көбірек.  Мысалы, тері асты майын алып тастаған кезде, зиянды висцералдық майдың көлемі ұлғаяды.  

    Семіздіктің алдын алуына салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтанудан басқа, психогигиенаны (күйзелістер мен психикалық жарақаттардан алшақ болу)  сақтап, эндокринологқа үнемі қаралу жатады.

    Асқынулары:

    • жүректің ишемиялық ауруы;
    • 2 типті диабет;
    • инфаркт пен инсульт;
    • артериалды гипертензия;
    • артриттер;
    • холецистит, панкреатит, бауырдың майлы дистрофиясы мен АІЖ басқа да бұзылыстары;
    • онкологиялық аурулар;
    • ерлерде эрекцияның, әйелдерде етеккірдің бұзылысы мен бедеулік.

    Себептері:

    • эндокринді жүйе жұмысындағы бұзылыстар;
    • сіңірілетін энергияның жұмсалатын энергиядан артық болуы;
    • аз қозғалмалы өмір салты;
    • дұрыс емес тамақтану;
    • тұқымқуалаушылық бейімділік.

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен эндокринологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.