16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • TopDoc.me KIHE 2018 көрмесіне қатысты

    18 мамырда Алматыда KIHE 2018 25-ші Қазақстандық халықаралық денсаулық сақтау көрмесі өтті, деп хабарлайды arnapress.kz.

    TopDoc.me командасы консалтингтік «AG Partners» компаниясымен бірлесіп, көрмеде медициналық клиниканы дамыту стратегиясы тақырыбында медициналық мекемелердің иелеріне, кәсіпкерлерге, дәрігерлерге және пациенттерге арналған тренинг өткізді.

    Агрессивті миллениалдар

    «AG Partners»-тың қызметкерлерінің айтуынша, көпшілік қазақстандық медициналық компанияларда бейберекеттік орын алған.

    - Бүгінгі таңда қазақстандық компаниялардың басты мәселесі – сату көлемінің қысқаруы. Бәсекелестіктің өсуі мен тауарлардың өзіндік құнының ұлғаюы кезінде маркетингтік стратегия болмай, бәсекелестік артықшылықтар жоғалып, хаос пайда болады. Ал стратегия компания алдында мақсаттар мен басымдықтар қоюды, оларға сәйкес болуды және оларды өлшеуді талап етеді, - деді «AG Partners» компаниясының басқарушы серіктесі Гүлмира Сариева.

    Онымен әріптесі келіседі.

    - Қазір нарықта агрессивті миллениалдар көп (1981 жылдан кейін туған буын - прим.), олар цифрлық технологиялар саласындағы білімдерімен маркетингтік стратегияларды пайдаланбайтын компанияларды оңай басып тастай алады, бұл бизнес процестердің негізін құрайды, - деп атап өтті «AG Partners» басқарушы серіктесі Алма Толибекова.

    Адамның интернеттегі мінез-құлқы

    TopDoc.me директоры Ерлан Бажеков медициналық орталықтарға интернет-маркетинг арқылы клиенттерді қалай тарту керектігін айтып берді.

    - Компанияның басшылары алдымен кірісті қалай көбейту және шығындарды қалай азайту туралы ойлайды. Бұл ретте Интернеттегі маркетингтік стратегияны әзірлеуді көзден таса етеді. Біріншіден, клиниканың мақсатты аудиториясының портретін қалыптастыру, одан кейін бәсекелестерді талдау. Соңында стратегиялық мақсаттарды қою және оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру қалып отыр. Мұның бәріне сайт жасау, контекстік жарнама, SEO жылжыту, SMM және тағы басқалар кіреді, - деді Бажеков.

    Оның пікірінше, адамның Интернеттегі мінез-құлқы бірнеше кезеңнен тұрады. 

    - Алдымен қолданушы сіздің сайтыңызға жай ғана қарап көру үшін кіреді. Содан кейін ол ұқсас ресурстарға өтіп, салыстырып, сосын ғана сізге қажетті әрекетті жасайды. Кейде бұған ай, тіпті одан да көп уақыт кетеді. Сайтыңыздың жағдайын бақылаңыз. Бұл танымалдылықты арттырып, бренд қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті Бажеков.  

    Контекст және SMM

    Келесі болып TopDoc.me контекстік жарнама маманы Қанаш Қосаев сөйледі.

    - 2000-шы жылдардың басында Қазақстан бизнесі интернеттегі жарнамасыз-ақ жұмыс істейтін. Мысалы, компаниялар өнеркәсіптік жабдықтарды жарнамалау арқылы сәтті сатты: жазда желдеткіштерді жарнамалап буклеттер таратты, қыс мезгілінде жылытқыштарды жарнамалады. Қазір, интернеттің ендірілуімен бұл әдістер ескірген, - деді Қанаш Қосаев.

    Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша сатып алушы сайтқа кем дегенде 3 рет кіреді және алғашқы сатып алуды жасамас бұрын орта есеппен шамамен 25 күн ойланатын болады деп айтқан еді. Сондықтан тиімді маркетинг стратегиясын жүзеге асыру сайттың анализін қамтиды.

    - Сайт метрикаларында трафик көздері, ең танымал іздеу сұраулары, қызығушылықтар, география, сайтта өткізілген уақыт, кірістер мен шығулар саны, сатып алушылардың жасы көрсетіледі. Бірақ ең маңыздысы, сіз әлеуетті сатып алушылардың неге тауарды сатып алмай сайттан кететінін білетін боласыз. Бұл сайттың ұзақ жүктелуі, қызықсыз контент, ыңғайсыз навигация немесе мобильді нұсқаның болмауы мүмкін. Сондықтан, аналитикалық метрикаларыңыз бен сайт статистикасын қадағалаңыз, - деп сөзін аяқтады Қанаш Қосаев.

    Клиника қызметтеріне мұқтаж клиенттер дәл әлеуметтік желілерде орналасқан, TopDoc.me SMM-менеджері Зауре Молдакулова сенімді.

    - Бүгінде әлеуметтік желілер танымалдылығы жағынан тек іздеу жүйелерінен кейін екінші орында тұр. Олардың ішінде ең бірінші орында Youtube, содан кейін Instagram, одан кейін Facebook және Вконтакте. SMM-нің ТВ, радио және сыртқы жарнамамен салыстырғандағы басты артықшылығы, сіз адамдармен тікелей қарым-қатынас жасай аласыз, - деп атап өтті Зауре.

    Сонымен қатар, SMM-менеджердің пікірінше, әлеуметтік желілердің арсеналында мақсатты жарнама сияқты қуатты құрал бар. 

    - Таргет көмегімен кәсіпкерлер мақсатты аудиторияның қажетті параметрлерін: жасын, жынысын, қызығушылықтарын, отбасылық жағдайын, тұрғылықты мекенжайын, жұмыс орнын және тағы басқаларын орната алады. Нәтижесінде жарнама сіздің өніміңізді сатып алуға неғұрлым лайықты адамдарға көрсетілетін болады. 

    Сұрақтар мен жауаптар 

    TopDoc.me қызметкерлері сөз сөйлегеннен кейін жиналғандарға сұрақ қоюды ұсынды. Соның ішінде сындарлы сұрақтарды да.

    - Маған науқастардың пікірлеріне негізделген ең жақсы дәрігерді немесе клиниканы таңдау технологияңыз күмән тудырады. Біз мұның қалай жазылатынын бәріміз білеміз. Неліктен сіздің компанияңыз Қазақстандағы ең жақсы дәрігерді таңдау жауапкершілігін өз мойнына алады? - деп сұрады TСlinic компаниясының өкілі.

     - Пікірлерді есептеу алгоритмі бағдарламаланған, сондықтан әзірлеушілер де нәтижеге әсер ете алмайды. Дәрігерлер де, пациенттер де көре алатын онлайн есептегіш орнатылған.

    Дәрігердің рейтингін жасанды түрде көтеру мақсатында есептегіштерді «алдауға» әрекеттер жасалды. Бұл ешкімнің қолынан келмеді және келмейді де, - деп сендірді TopDoc.me директоры.

    - Бізді де сома да, TopDoc.me арқылы біз туралы білген пациенттер де қанағаттандырады және біздің клиникаға қайта оралады. Біз сіздің сервис арқылы келетін клиенттердің санын арттырғымыз келеді. Айтыңызшы, сервис менеджерлері дәрігерге келіп көрген клиенттерді қоңырау шалып, пікір қалдырама сұрайды ма? - деп сұрады «Денсаулық академиясы» клиникасының маркетологы Малика Максуд.

    - Әрине, бізде колл-орталық нақ осы үшін жұмыс істеп тұр. Алдымен пациент екі рет смс-хабарлама алады: дәрігерге жазылу кезінде және қабылдауға бір сағат қалғанда. Келесі күні біздің оператор пациентке дәрігерге барғанын растау үшін қоңырау шалады. Дәрігерге қабылданған адамнан оператор дәрігер мен клиника туралы әсерлерімен бөлісуді сұрайды. Егер клиент пікір қалдырудан бас тартса, бұл оның құқығы, - деп түсіндірді Ерлан Бажеков.

    - Біздің компания TopDoc.me-пен жақында ғана жұмыс істей бастады, бірақ үш ай өткеннен кейін біздің дәрігерлеріміздің бірі пациенттердің пікірлері арқасында «Жылдың үздік дәрігері» атағына ұсынылды. Бұл біз үшін жағымды тосынсый болды. Әріптестеріме бір кеңес бергім келеді - сервиске ғана сенім артып, өздері ешнәрсе істемеу жеңілтектік болар еді. Клиникаларға да, TopDoc.me сияқты, дәрігерлермен жұмыс істеу, әлеуметтік желілердегі беттер мен сайтты жаңартып отыру қажет, - деп бөлісті «Рахат» клиникасының бас дәрігерінің орынбасары Айжан Жайықова.

    Қорытындылай келе, қол шапалақтаудан кейін, TopDoc.me командасы тыңдаушыларға алғыс білдіріп, кәсіпкерлермен, дәрігерлермен және пациенттермен үнемі кездесіп тұруға уәде берді.

     Дереккөз: https://www.arnapress.kz/almaty/hitech/109264/?dt=mpTopDoc.me