• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Кривошея

    Кривошея (тортиколлис) – мойынның деформациясы, бас дұрыс орналаспаған күйде болады. Бұл ақауда бас жағына қарай еңкейіп және/немесе бұрылады. Кривошея өте кең таралған ауру, әсіресе жаңа туған нәрестелерде. Кривошеяның 2 негізгі түрі бар: туа біткен және жүре пайда болған. 

    СЕБЕПТЕРІ

    Кривошеяның пайда болу себептері оның формасына байланысты.

    Туа біткен кривошея ана құрсағында ұрықтың дұрыс орналаспауынан немесе туу жарақатынан пайда болады. 

    Жүре пайда болған кривошеяның себептері әртүрлі:

    • мойын омыртқасының аурулары;
    • күйік, жарақаттар;
    • кейбір бұлшықеттердің толық дамымауы;
    • мойын терісінің тыртықтық өзгерістері;
    • есту немесе көру ауруларының ұзақ уақыт бойы болуы;
    • омыртқалардың зақымдалуы;
    • мойын бұлшықеттерінің тарылуы;
    • мойынның ұзақ уақыт бойы еңкейіп тұруы (мысалы, жұмыс ерекшеліктеріне байланысты). 

    БЕЛГІЛЕРІ

    Кривошеяның басты белгісі - бас еңкейіп тұруы. Адамға басын еңкейткен жаққа қарама-қарсы жаққа бұру қиынға түседі, әрі бұл кезде бас толық бұрылмайды. Бас аурулары мен айналуы, мойын аурулары болуы мүмкін. Уақыт өте келе бас еріксіз қозғала бастайды. 

    Жаңа туған нәрестелерде кривошея белгілері 2-3 аптада пайда болады, шамамен осы уақытта бұлшықеттің шамдануы мен қатайуы бір жағынан байқалады.

    ДИАГНОЗЫ

    Негізгі диагностика әдісі - көзбен көру тексерісі. Ортопед дәрігері немесе невропатолог науқастың басының орналасуын және мойынның пальпациясын визуалды түрде бағалайды. Сондай-ақ, мойынның рентгенографиясы немесе МРТ тағайындалуы мүмкін.

    ЕМДЕУ

    Кривошеяны емдеу консервативті немесе хирургиялық әдістермен жүзеге асырылады.

    Консервативті емдеу мыналарды қамтиды:

    • емдік гимнастика, гимнастикалық жаттығулар;
    • массаж;
    • арнайы ортопедиялық құрылғыларды қолдану;
    • ұйықтау кезінде арнайы позицияны қолдану;
    • физиотерапия.

    Қатты зақымдану жағдайында хирургиялық емдеу қолданылады.

    Уақытылы ем басталған жағдайда, қалпына келу процесі 2 айдан 1 жылға дейін созылады және кривошея ізсіз жоғалуы мүмкін. 

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Емделмеген жағдайда кривошея келесі асқынуларға әкелуі мүмкін:

    • бас сүйегі мен беттің деформациясы және асимметриясы;
    • бұлшықеттердің қысқаруы және атрофиясы;
    • омыртқаның тірек қызметінің бұзылуы;
    • есте сақтау және назар аудару бұзылулары;
    • бас аурулары;
    • мойын сколиозы;
    • мүгедектік.