Павлодар
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00
0
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00

Артериалды гипертензия

Артериалды гипертензия (АГ, гипертония, гипертониялық ауру) – артериалды қан қысымының тұрақты немесе қайталама жоғарылауымен сипатталатын жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы.

Эссенциалды, яғни үдемелі, генетикалық шартталған және бүйрек аурулары, эндокринді бұзылыстар, күйзеліс, кейбір дәрілер, жарақат, жүктілік сияқты әр түрлі факторлармен шақырылған екіншілік немесе симптоматикалық гипертензия деп ажыратылады. 

Гипертониялық ауру стенокардия мен инсульт дамуының негізгі факторы болып табылады.   

Артериалды гипертензия дәрежелері:

  1. Аурудың бірінші дәрежесі систолалық (жоғарғы) қысымның 140–159 мм с. б. аралығында, диастолалық (төменгі) қысымның 90–99 мм с. б. аралығында болуымен сипатталады.
  2. Систолалық (жоғарғы) қысым 160–179 мм с. б. аралығында, диастолалық (төменгі) қысым100–109 мм с. б. аралығында болғанда аурудың екінші дәрежесі қойылады.
  3. Аурудың үшінші дәрежесі кезінде жоғарғы қысым 180 мм с. б., ал төменгі қысым 110 мм с. б. жоғары болады.   

Жүкті әйелдерде 20-шы аптадан кейін гестациялық гипертензия дамуы мүмкін. 

Диагностикасы

Дәрігер қарап тексергенде ауру анамнезі мен шағымдарға талдау жасайды.   Оған тұрақты белгілер қашан пайда болғаны, науқаста «жұмыс» қан қысымы қандай екені туралы ақпарат кіреді. Науқаста бар аурулар зерттеліп, тұқымқуалаушылық аурулары туралы сұрақтар қойылады.

Қарап тексеру кезінде дәрігер қан қысымын өлшейді. Қан талдауы жүргізіледі. Гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің деңгейі анықталады. Жалпы зәр талдауы бүйректің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. 

Міндетті түрде электрокардиография (ЭКГ), жиі - ЭхоКГ (жүрек УДЗ) жасалады.

Артериалды қан қысымының тәуліктік бақылауы (холтерлік бақылау) тағайындалуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда бүйректің УДЗ, тамырлардың УДДГ тағайындалады.

Диагнозды нақты қою мақсатында науқасты қарап тексеру үшін қосымша мамандар, атап айтсақ, офтальмологгинекологтерапевткардиолог жұмылдырылуы мүмкін.    

Клиникалық белгілері

  • бас аурулары;
  • бас айналу;
  • жүректің әлсіз, жиі соғуы (тахикардия);
  • тершеңдік;
  • беттің қызаруы;
  • баста тамыр соғуын сезу;
  • қалтырау;
  • үрей;
  • есте сақтаудың нашарлауы;
  • ішкі күйзеліс;
  • ашушаңдық;
  • жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;
  • көз алдында шыбын-шіркейдің көрінуі;
  • таңертең қабақ пен беттің ісінуі;
  • саусақтардың ісуі және жансыздануы.

Алғашқы көмек

Егер науқаста "артериалды гипертензия" деген диагнозы болса және ол қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсе, онда қан қысымы кенет көтерілген кезде (гипертониялық криз) криз кезінде арнайы тағайындалған препаратты беру керек. Егер ондай дәрі тағайындалмаса, күнделікті қабылдап жүрген дәрінің жоспардан тыс мөлшерін беріп, жедел жәрдем шақырту қажет. 

Егер қан қысымы көтерілу белгісі алғаш рет пайда болса, шұғыл жедел жәрдем шақырту керек. 

Жедел жәрдем келгенше науқасты жатқызып, таза ауамен қамтамасыз етіп, оны тыныштандырып, тітіркендіргіш факторларды (шу, ұрыс-керіс, суық, ыстық) жою қажет. 

Емі

Артериалды қан қысымын емдеу ұзаққа (жиі – өмір бойы) созылады және тек дәрігермен, яғни терапевт, невропатолог, жалпы тәжірибе дәрігерімен тағайындалады.  Дәрігер ұсынысы бойынша  тұзы аз емдәмді ұстану, ішімдік ішу мен темекі шегуден, артық тамақтанудан бас тарту  қажет. 

Гипертонияны медикаментозды емдеу  әсері әр түрлі препараттар тобын қолданумен жүзеге асырылады. Жоғары қан қысымын емдеуге арналған препараттарды тек дәрігер тағайындай алады!

Асқынулары

Жиі кездесетін асқынуларының бірі – гипертониялық криз (дәрігерлік көмекті қажет ететін кенет қан қысымының жоғарылауы). Бұдан басқа гипертонияның асқынуларына жатады: 

  • жүректің гипертензивті ауруы
  • нефросклероз, бүйрек жеткіліксіздігі,
  • жүрек жеткіліксіздігі,
  • тамырлар тромбозы,
  • жүрек гипертрофиясы
  • миокард инфарктісі
  • инсульт
  • жүкті әйелдерде - преэклампсия мен эклампсия.

Алдын алуы

Алдын алу шаралары бірнеше қарапайым ұсыныстарға негізделген:

  • дұрыс тамақтану, тұз мөлшерін азайту
  • бірқалыпты физикалық жүктемелер
  • ішімдік пен темекіден бас тарту
  • артық салмақты азайту
  • стрестік және жанжалдық жағдайларды азайту
  • артериалды қан қысымын өздігінше бақылау (үйдегі тонометрмен)
  • емхана мен амбулаторияда жасқа байланысты тегін скринингтерден уақытылы өту
  • жүктілік бойынша уақытылы есепке тұру

Себептері

Эссенциалды гипертензияның себебі белгісіз, тек тұқымқуалаушылық фактор маңызды рөл атқаратыны мәлім. 

Арандатушы факторларға  жатады:

  • даму ақаулары (мысалы, туған кездегі ауытқымалы салмақ);
  • босану жарақаттары;
  • ауа-райы;
  • дұрыс тамақтанбау,
  • төмен сапалы су;
  • жұмыстың зиянды шарттары
  • тұрғын үй микроклиматы;
  • жеткіліксіз демалыс;
  • дыбыстық және электромагниттік өріс, сәулелендіру;
  • дәрумендер, микроэлементтердің тапшылығы;
  • күйзелістер;
  • тыныс алудың уақытша тоқтауымен жүретін түнгі қорылдау;
  • ісіктер;
  • дәрілік заттар;
  • гормоналды бұзылыстар.