• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • Қуық асты безіне көмектесетін немесе оған зиян келтіретін азық-түліктер

    Здоровье предстательной железы, что полезно, что нет

    Қандай азық-түліктер қуық асты безі рагының даму қаупін төмендетеді және уролог-андрологқа не себепті бару қажет

    Біз дұрыс әрі үйлестірілген тағам туралы айтқанда, ең алдымен, салмақты бақылау, жалпы физикалық қалыпты сақтау, холестерин деңгейін төмендету үшін пайдалы екендігі ойымызға келеді. Алайда қатерлі ісіктің алдын алу мақсатындағы арнайы емдәм туралы өте сирек ойлаймыз. Бұл туралы әсіресе ерлерде өте кең тараған қуық асты безінің рагы туралы сөз қозғағанда ұмытпау қажет.

    Қуық асты безінің қызметіне пайдалы азық-түліктер

    Қызанақ

    Қызанақтар мен оның өнімдерінде ликопин атты антиоксидант бар. Зерттеулерге сәйкес ликопин қуық асты безі рагының даму қаупін азайтуы мүмкін.

    Помидоры для здоровья простаты

    Куркума

    Куркуманың қабынуға қарсы әсері бар және ол қуық асты безі қатерлі ісігінің дамуын тежеуде шешуші рөл атқарады. Куркума қуық асты безінің арнайы антигендерінің (ҚАА) деңгейін төмендетуі мүмкін.

    ҚАА немесе қуық асты безі арнайы антигені—қуық асты безінің сау және қалыпты емес жасушаларымен өндірілетін нәруыз. ҚАА қандағы деңгейі - қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтау үшін қолданылатын кең тараған тест. ҚАА деңгейінің жылдам жоғарылауы жиі қуық асты безі қатерлі ісігі дамуының белгісі болып табылады. Ұзақ жылдар бойы ҚАА деңгейінің жоғарылауы қуық асты безінің өсуін көрсетуі мүмкін және бұл қалыпты жағдай болып есептеледі.

    Куркума для здоровья простаты

    Қуық асты безінің қызметін сақтау үшін қандай азық-түліктерден бас тарту қажет 

    Нақты қандай азық-түліктерден бас тарту керектігін айту қиындау. Қуық асты безі рагының дамуына белгілі бір емдәм әсерінің бар-жоғын білу үшін зерттелуші адамды кем дегенде 15-20 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бақылау қажет. Алайда кей мәліметтерге сүйенсек, колоректальды рак пен жүрек ауруларының даму қаупін жоғарылататын кейбір өнімдер қуық асты безінің қатерлі ісігінің де даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

    Бұндай емдәмдік қауіп-қатерлерге мыналар жатады:

    • Көп мөлшердегі қызыл ет;
    • Көп мөлшердегі өңделген ет;
    • Көп мөлшердегі ысталған немесе қақталған ет;
    • Көп мөлшердегі сүт өнімдері.

    Қорытынды: белсенді болыңыз

    Өзіңіздің емдәміңізге қарамастан Сіз қуық асты безі қатерлі ісігі дамуының қауіп факторларын білуіңіз қажет:

    • Жасы: 55 жастан асқан ер адамдар қауіп-қатерге көбірек ұшырайды, ал қуық асты безі қатерлі ісігі жағдайларының жартысынан көбі 65 жастан асқан ерлерде кездеседі;
    • Отбасылық анамнез: Сіздің отбасыңызда қандай еркектерде қуық асты безі қатерлі ісігі болғанын және қай әйелдерде сүт безі рагы бар екенін анықтаңыз;
    • Семіздік: дұрыс тамақтану үлкен әсер көрсетуі мүмкін;
    • Темекі шегу.

    Тұрақты жаттығулар мен дұрыс тамақтанудан басқа, қуық асты безін үнемі тексертіп тұруды ұмытпаңыз. Ауруды ерте анықтау өте маңызды, сондықтан осы қауіп факторларын біліп, уролог-андрологқа мерзімді түрде көрініңіз.

    Қуық асты безінің қатерлі ісігінің скринингі қарапайым және тек дәрігерге баруды, медициналық қарап тексеру мен қан анализін қамтиды. Бұл жағдай әдеттегі скрининг арқылы анықталса, онда емделіп кету мүмкіндігі жоғары болады.

    МАҢЫЗДЫ!

    TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.