Семей
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00
0

Ларингит (қазақша)

Ларингит көмейдегі қабыну үрдісі. Көмей — жұтқыншақ пен трахеяны байланыстыратын тыныс алу жүйесінің бөлігі. Көмейде дыбыстар түзіледі, сол себепті ларингитке дыбыс байламдарының қабынуы кіреді. Ларингиттің катаральды, гипертрофиялық, атрофиялық түрлері ажыратылады. Көмейдің қабынуы туберкулез, мерез, күл және басқа да аурулардың симптомы ретінде болады. 

Катаральды ларингит кезінде қарлыққандық, тамақтың құрғауы мен жыбырлауы, жөтел болады.  Гипертрофиялық ларингит  кезінде дауыстың қатты қарлығуы, жөтел және тамақтың жыбырлауы байқалады.  Байламдарда кішігірім түйіндер немесе түзілістер пайда болады,  дауыс өзгереді (дисфагия). Атрофиялық ларингит кезінде көмейдің шырышты қабаты жұқарады.  Қарлығу, ауыздың құрғауы, қатты жөтел және жөтелген кезде қан қақыру болады. Атрофиялық ларингит көп мөлшерде дәмдеуіштерді пайдаланғаннан дамуы мүмкін деп есептеледі. 

Жедел ларингит созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе темекі шегу, ішімдікті жиі ішкенде, дауыс байламдарына қатты күш түскенде дамиды.  Созылмалы ларингит үнемі дауысқа күш салуды қажет ететін мамандықтар иесіне, яғни мұғалімдерге, әншілерге, дәріскерлерге, оқытушыларға тән. Ларингиттің ауыр созылмалы түрлері тамақта патологиялық өзгерістер мен ісіктерге әкелуі мүмкін. 

Диагностикасы

Ларингиттің клиникалық белгілеріне жалпы жағдайдың нашарлауы, дене қызуының жоғарылауы, көмейдің шырышты қабатының гиперемиясы жатады. Кейде шырышты қабатында қып-қызыл нүктелерді көруге болады. Қан талдауы қабыну үрдісін көрсетеді. Дәрігер-отоларинголог көмейді қарау үшін ларингоскопты пайдалануы мүмкін. 

Клиникалық белгілері

Ауыз қуысының және тыныс алу жолдарының ауруларынан ларингитті қарлыққандық, қырылдау, дауыстың қарлығуы,  дауыс саңылауының ісінуі ажыратады.  Ауру сезімі, тамақтың жыбырлауы, тамақтың «тырнауы», үнемі жөтел, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, дисфония (дауыс қызметтерінің бұзылыстары), афония (дауыстың жоғалуы) болады.

Алғашқы көмек

Сөйлеуге, кез келген дыбыс шығаруға, тіпті сыбырлап сөйлеуге болмайды. Себебі сыбырлап сөйлегеннің өзінде дауыс байламдарына күш түседі. Кез келген тітіркендіретін тамақты  аластату керек. Темекі шегу мен ішімдіктен бас тарту ұсынылады. 

Емі

Әдетте жылы су ішу, тамақты шаю, ингаляция, тамақты маймен жағу, компресс, дәрілік заттар тағайындалады. Ащы, қышқыл, тұзды, ыстық және салқын тамақтар, дәмдеуіштер  тамақтан аластатылуы қажет. 

Асқынулары:

  • жедел түрінің созылмалы түрге ауысуы 
  • көмейдің ісінуі
  • медиастинит (кеуде қуысының ортаңғы бөлімінің қабынуы)
  • мойын флегмонасы
  • өкпе абсцесі
  • сепсис.

Алдын алуы

Зиянды факторларды жою, шынықтыру, кезеңдік дыбыстық тыныштық жасау, темекі шегу мен ішімдіктен бас тарту қажет. 

Себептері

Ларингиттің жиі себебіне вирустық аурулар (ЖРВИ, грипп, салқын тию), бронхит, аллергия; көмейді әр түрлі заттармен, соның ішінде қышқыл, сілті, у, түтін, дәмдеуіштер, ішімдікпен тітіркендіру немесе зақымдау жатады.  Салқын тию, ауыз арқылы демалу, ластанған ауа, темекі шегу, сөйлеу немесе ән айту кезінде дауыс байламдарына артық күш түсіру ларингиттің дамуына әкеледі.