• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • TopDoc.me ұсынатын кеңестер: медициналық сақтандыру не үшін қажет?

    Қазақстанда 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  (МӘМС) жүйесі іске қосылды. Бірақ еліміздің барлық тұрғындарының көпшілігі  автоматты түрде сақтандырылмаған.  TopDoc.me МӘМС қатысушысы болу жолдары мен оның не үшін қажет екенін айтып береді.  

    МӘМС енгізу  бұдан былай қазақстандықтар медициналық көмекті екі пакет, атап айтсақ, кепілді және сақтандыру түрі бойынша ала алады деген мағынаны білдіреді. Олардың  бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?   

    Барлығынан хабардар болыңыз.

    Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.

    Барлығына және тегін  

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) келесі қызметтер кіреді:

    • жедел медициналық көмек;
    • санитарлық авиация (тек авиа емес, сонымен қатар көлікпен тасымалдау);
    • созылмалы аурулары бар науқастарды бақылау;
    • шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық-стационарды алмастыратын көмек.

    Бұл БАРЛЫҚ тұрғындарға тіркелу орны, жасы, жынысына  және т.б. қарамастан жол көлік апаты, инфаркт, жарақат және т.б. сияқты шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетілетінін білдіреді. Жалпы тәжірибелі аймақтық  дәрігерінің қабылдауы, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтау мен емдеу тегін және жалпыға бірдей болып қала береді.  Әлеуметтік маңызы бар ауруларға жатады:

    • туберкулёз;
    • АИВ/ЖИТС;
    • созылмалы вирусты гепатит пен бауыр циррозы;
    • қатерлі ісіктер (онкология);
    • қант диабеті;
    • психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
    • церебральды сал ауруы;
    • жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай);
    • ревматизм;
    • дәнекер тінінің жүйелік зақымданулары;
    • жүйке жүйесінің дегенеративті бұзылыстары (Альцгеймер, Паркинсон ауруы және т.б.);
    • орталық жүйке жүйесінің демиелинизирленген аурулары (шашыранды склероз);
    • орфандық (сирек кездесетін) аурулар.

    Күл, сібір жарасы, мерез, менингит және т.б. қауіпті жұқпаларды емдеу тегін болады. Туберкулез диагностикасы, емі және айыққаннан кейінгі оңалту  - тегін.  Бірақ басқа аурулардан кейінгі оңалту ТМККК кірмейді.  

    Паллиативтік көмек те тегін болып қалады. 

    Тек сақтандыру бойынша

    Енді МӘМС пакетіне не кіретіні жайлы айтайық. Бұл – назар аударыңыз!- тар ауқымды мамандардың қабылдауы. Емханаға тіркелген, бірақ сақтандырылмаған тұрғынға невролог, ревматолог немесе хирургқа «талон» берілмейді.  МӘМС жүйесіне қатыспайтын адамға бұл қызмет  ақылы болады. 

    МӘМС пакетіне сонымен қатар келесі қызметтер кіреді:

    • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу (қазіргі таңда бұл «квота бойынша», «портал арқылы» деп аталады),
    • зертханалық талдаулар, соның ішінде ПТР немесе гормондарға сараптамалар сияқты қымбат талдаулар;
    • оңалту және қалпына келтіру емі;
    • аспаптық зерттеулер (УДЗ, КТ, МРТ және т.б.);
    • балалар мен ересектерді жыл сайынғы профилактикалық тексерулері;
    • жоғары дәрежеде мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек;
    • кәмелетке толмағандар, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектерге арналған стоматология;
    • дәрігер рецепті бойынша дәрілік заттар.

    Мен сақтандырылдым ба?

    Жоғарыда айтылғанның барлығы, әрине, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірден іске асырылмайды.  Барлық қазақстандықтарға сәуір айына дейін жүйе қатысушысы болу немесе емделу қажет жағдайда өз әмиянына сенім арту  сынды  өз мәртебесін анықтауға уақыт беріледі. Сізде сақтандыру бар-жоғын қалай анықтауға болады? 

    Сіз нақты сақтандырылғансыз, егер Сіз:

    • 18 жасқа дейінгі бала;
    • жұмыс істемейтін жүкті әйел немесе декреттік демалыста;
    • көпбалалы ана (6 және одан да көп бала);
    • зейнеткер;
    • мүгедек;
    • жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз;
    • күндізгі оқу үлгісіндегі студент (ЖОО мен колледждер);
    • түрмедегі тұтқындар (минималды қауіпсіздік мекемелеріндегі тұтқындардан басқа);
    • I топ мүгедегін және бала жастан мүгедекті күтуші;
    • Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алушы.  

    Егер Сіз мекемеде ресми түрде жұмысқа қабылданған болсаңыз, онда сіз сақтандырылғансыз.  Бұл кезде жарнаны сіз үшін бухгалтерия аударады.  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  жұмыс беруші сіздің еңбекақыңыздан 2%  төлейді, сонымен қатар сіздің табысыңыздан 1% аударылады. Өз мекемеңізде тиісті жарна аударылатынын тексеріңіз!

    Егер сіз жеке кәсіпкер немесе жеке тәжірибемен айналыссаңыз, онда 2020 жылдың қаңтар айынан бастап өзіңіз үшін  ай сайын төлем бойынша  1,4 ЖТМ 5% (ЖТМ - 42 500 теңге, есептегенде 2950 теңге) төлейсіз.   

    Егер сізде шаруа қожалығы болса, онда аударылатын жарна 1 ЖТМ 5% (2125 теңге) құрайды. Жарнаны алғытөлеммен 3, 6 немесе 12 айға аударуға болады. 

    Егер сіз  жеке тұлға болсаңыз және азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істесеңіз, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын келісім-шарттың әрекет ету мерізімі аралығында 2020 жылы жасалған келісім-шарт бойынша алатын  табысыңыздан (10 ЖТМ аралығы) 1% мөлшердегі  жарнаны  қызметалушы (салықтық агент) ұстап қалады және төлем жасайды.

    Егер сіз жұмыссыз (тіркелмеген) немесе өз-өзін жұмыспен қамтыған болсаңыз, онда сіз 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 ЖТМ 5% өздігінен төлеуіңіз керек. Бірақ бұл жағдайда лайфхак бар: бірыңғай әлеуметтік төлемнің төлеушісі болып, айына қала тұрғындарына 1 АЕК (2 651 теңге) және ауыл тұрғындарына  0,5 АЕК (1 326 теңге) төлеуге болады.   Бұған барлық салықтар мен төлемдер (табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, МӘМС-ке аударымдар) кіреді. Бұл жағдайда, өз-өзін жұмыспен қамтыған адам -  басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсететін (үй қызметшісі, бала күтуші, жөндеу мастері, бағбан және т.б.), бірақ өзіне меншікті жұмысшылары жоқ адам.      

    Не себепті мен төлеуім керек?

    МӘМС принципі   – «әрбірінен мүмкіндігінше, әркімге – қажеттілігі бойынша». Егер жүйе қатысушысының табысы үлкен және денсаулығы мықты болса, онда ол өз жарналарын жұмсай алмайды дегенді білдіреді.  Оның ақшасы  шындығында мұқтаж адамдарды емдеуге жұмсалады.  Мысалы, ірі компанияның топ-менеджерінің жарнасы айына тек 2651 теңге төлейтін  үй жағдайында істейтін тігіншіні емдейді.  МӘМС әлеуметтік әділеттіліктің мәнісі осында жатыр:  табысқа қарамастан әр сақтандырылушы көрсетілетін қызметтің бірдей деңгейін қабылдауға құқылы.  Егер сіз сақтандыру  - сіз үшін емес деп есептесеңіз, онда ТМККК кірмейтін әрбір медициналық қызмет үшін төлеуге дайын болыңыз.

    МӘМС және жүйеге қатысу туралы толығырақ ақпаратты Медициналық Сақтандыру Қорының сайтынан ала аласыз.  

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    БАЛАДА ДЕНЕ ҚЫЗУЫ МЕН АУРУ СЕЗІМІ – НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

    АҒЗАМЫЗДА ПАРАЗИТТЕРДІҢ БАР-ЖОҒЫН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ ?

    ЖҮЙКЕ ТАМЫРЛАРЫ МЕН СІҢІРЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ: ТИІМДІ ОҢАЛТУДЫ ҚАЙДА ӨТУГЕ БОЛАДЫ

    «АҚЫРЫ МЕН ӨЗ ДӘРІГЕРІМДІ ТАПТЫМ!» Қыркүйек айының үздік дәрігері

    АЛМАТЫДА МРТ-НЫ ҚАЙДА ЖАСАҒАН ДҰРЫС?

    КӨКТЕМГІ D ДӘРУМЕНІ: КӨҢІЛ-КҮЙДІ КӨТЕРІП, СЕРГІТІП, АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

    24.01.2020