• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • Беліңіз ауырады. Бұл омыртқааралық диск жарығы, остеохондроз әлде артрит пе?

    TopDoc.me сервисінің қолданушылары өз таңдауларын жасады. Қазан айында үздік дәрігер ретінде нейрохирург, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Анатолий Семенович Остапенко  таңдалды. Бас-ми жарақаттары, остеохондроз, жүйкенің жарақаты мен ауруларын анықтаудың, оперативті және консервативті емдеудің барлық әдістерін меңгерген. Науқастарды 15 жастан бастап қабылдайды. 

    Дәрігерге риза науқастардың ол туралы пікірлері:

    «Кәсіби дәрігер! Өте сыпайы, кәсіби түрде қабылдайды, өз ұсыныстарын беріп, дұрыс ем тағайындайды». 

    «Өте білікті дәрігер. Барлық тілектерді тыңдайды. Бұл дәрігер туралы жаман пікірім жоқ». 

    «Өте жақсы, сауатты дәрігер. Кеңес беруі ұнады. Мен бұл дәрігерге тағы да барамын». 

    «Таныстарымның ұсынысы бойынша келдім. Өте жақсы дәрігер, өз жұмысының маманы, клиника да керемет. Маған бәрі ұнады».

    Барлығынан хабардар болыңыз.

    Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.

    Дәстүрге айналған құттықтаулар мен байқауымыздың демеушісі Miami Aquapark & SPA кешені ұсынған сыйлықтардан кейін біз дәрігер Остапенкомен қазіргі заманның өзекті мәселесі – омыртқа жарығы туралы сөйлестік.

    - Анатолий Семенович, қазіргі уақытта кең таралған жағдай – омыртқаның жарығы. Мұндай бұзылыстар жиі омыртқаның қай бөлімінде анықталады, омыртқа жарығының қайсысы ең қауіпті?

    - Жиі бел омыртқасы зақымданады. Әсіресе 4 және 5-ші соңғы дисктер мен 6 және 7-ші мойын омыртқасы өзгеріске ұшырайды. Не себепті бел омыртқасы жиі зақымданады? Бүгілу мен жазылу кезінде омыртқаға жүктеме түседі. Жоғарғы бөлімдегі дисктер азды-көпті тұрақты болғанымен, төменгі бөліктегі дисктер бүгілу/жазылу, ұзақ уақыт отыру барысында максималды жүктемені алады. Осыған байланысты  жарықтар сол жерде жиі кездеседі.  

    Жарықтардың барлығы қауіпті бола бермейді. Секвестрленген жарықтар деп аталатын жарықтар болады. Бұл кезде ядро дисктен толығымен шығып, жүйке қысылуының себепшісі болады. Әсіресе бел бөлімінде жамбас қуысы ағзаларын иннервациялайтын жүйке талшықтары қысылса өте қауіпті болады.  Жамбас қуысы ағзаларының ауыр асқынулары дамуы мүмкін. Тіпті отадан кейін де қайта қалпына келмейді. Бұған зәрді және нәжісті ұстай алмау жатады. Егер осындай секвестрленген жарықтар консервативті емге көнбесе, онда міндетті түрде ота жасау қажет. 

    - Омыртқа жарығына ота жасау қажет пе, әлде жоқ па деген сұраққа Сіз жалпы қалай жауап берер едіңіз? 

    - Мен нейрохирург болсам да, жарықтарға әрқашан таңдамалы қараймын. Бұл жарық жүйке түбіршіктеріне әсер ете ме, әлде түбіршектің тітіркендірілуінен ауру сезімін туғызады ма? Біз осыны тексеруіміз қажет.  Сонымен қатар рефлекстердің бар-жоғын анықтау керек. Әдетте  мен науқастан аяқ ұшымен және өкшесімен жүруін сұраймын. Егер табаны нық тұрмаса, онда компрессия айқын көрінеді. Бұл кезде ота жасату туралы ойлану керек.   

    Егер адам аяқ ұшымен және өкшесімен еркін жүре алса, демек жүйке қысылмаған, тек тітіркенген. Аяқ ұшымен жүру - S1 түбіршігі, L5 пен S1 дисктері. Өкшемен жүру – кіші жілік жүйкесі, L4 пен L5 дисктері. Осындай жағдайда отаны жасамай-ақ, алдымен консервативті ем жүргізу қажет. 

    - Егер жарық 8 мм болса, онда оған міндетті түрде ота жасау қажет деген пікір бар.

    - Жоқ, міндетті емес. Негізінен омыртқа бағаны диаметрі бойынша 2 см құрайды. Егер жарық 1 см болса, жеткілікті кеңістіктің болуына байланысты түбіршіктер жылжып кетуі мүмкін. Мен жүргізілген емнен кейін толығымен басылып кеткен  1см-ге жуық жарықты көргенмін. 

    -Егер ота жасамаса, онда қалай емдеу керек?

    - Менің әдісім мынадай:

    Бірінші кезең  – ауру сезімін басу. Ауру сезімін басатын дәрілерді таңдау адамның және оның жарығының жағдайына байланысты болады. Егер жарық бел аймағында орналасса және бұл тек түбіршектің тітіркенуі  болса, онда, менің ойымша, ең дұрысы сакральды блокаданы жасау керек. Дәрілік заттар құйымшақ аймағына енгізіледі, осыған байланысты дәрілер жарық пен түбіршек арасына жеткізіледі. Негізінен курс 4 блокададан тұрады. Яғни жарық қалады, бірақ түбіршек одан жылжып, ауру сезімі жойылады. Содан кейін емнің екінші кезеңін бастауға болады.  

    Екінші кезең – физиотерапия көмегімен бірнеше ондаған сеанстар жүргізу арқылы жарықты жоюға болады. Омыртқаның жарығы бар аймағына дәрілік заттардың арнайы ерітіндісі қолданылады.   

    Оперативті кірісулер жарықты алып тастауға бағытталады. Ядроны қырып тазартады. Оның нәтижесінде пайда болған бос кеңістік фиброзды тінмен толтырылады. Кейде трансплантаттар қолданылады, бірақ менің ойымша бұл  тиімсіз. Көп нәрсе хирургтың  шеберлігіне байланысты. Отаны мұқият, ұқыпты жасау қажет. Егер ядроны қатты қырып тазартса және сүйек қабығын зақымдаса, онда отадан кейін өте айқын ауру сезімі болады және науқас зардап шегеді.

    - Не себепті қазіргі уақытта омыртқа жарығы жиі кездеседі? Мұндай бұзылыстардың алдын алу жолдары бар ма?

    - Омыртқа жарығы – эволюция нәтижесі. Адам аяғына тік тұрды, омыртқаға вертикальды жүктеме пайда болды. Мысалы, ит пен мысықтарда омыртқа жарығы мүлдем болмайды, себебі вертикальды жүктеме жоқ.   

    Себептері – жұмыс және демалыс режимінің бұзылыстары, стрестік жағдайлардың көптігі, аз қозғалатын жұмыста істеу және көлікпен көп жүру. Сіз омыртқаға ауыр жүктеме тұрып тұрғаннан гөрі отырған кезде көбірек түсетінін білесіз. Адам тұрған кезде бел аймағында «лордоз» деп аталатын қалыпты иілу болады. Ол дене мүсінін түзетеді және теңестіреді. Ал адам отырған кезде бұл иілу түзуленіп, омыртқа дискісі ашылып, өзіне сай емес қалыпта болады. Егер адам көлікпен жүрсе, онда оның қозғалысынан омыртқа дискіне тұрақты жүктеме қосылады. Тұрақты қысым мен артқы жағынан ашылған диск оның жыртылуына әкелуі мүмкін. 

    Бұдан басқа жарықтың себептеріне дұрыс тамақтанбау, тұздардың жиналуы, артроздар жатады. Мұндай өзгерістер зат алмасудың бұзылысына әкеледі.  

    Не себепті остеохондроз кең таралған? Диск – бұл шеміршек, ол жерде қан тамырлар жоқ. Балаларда дисктің қоректендірілуі омыртқа денесі, яғни сүйек қабығы жағынан болатын диффузияға байланысты жүзеге асырылады. 25 жаста  сүйек қабығының склероздануы болады және дисктің қоректендірілуі тоқтайды. Осы уақыттан бастап диск жарықшақтана бастайды. Ол қартаяды. Аз қозғалатын жұмыста істеу, көлікпен жүру, ауыр заттарды көтеру сияқты жүктемелер дисктің одан әрі жарықшақтануына және оның жарықтарының пайда болуына әкеледі.   

    Алдын алуы мынаған негізделген. Егер сіз көлікпен көп жүретін болсаңыз немесе сіздің жұмысыңыз аз қозғалмалы болса, онда корсет сатып алыңыз.  Бұл бел аймағына түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі. Омыртқада үш бағанды ажыратады: омыртқа денесі, буындары мен байламдары. Егер осы үш бағанның бірі зақымданса, қалған екеуі омыртқаны ұстап, оны тұрақтандырады. Егер диск жарығы болса, онда бірінші баған зақымданады. Онда міндетті түрде буындар, бұлшықеттер мен байламдарды нығайту керек. Жүзу, ЕДШ-ны байқап жасау керек. Өстік жүктеме түсірмеген абзал. 

    - Кейде жарық өздігінен басылып кетеді немесе солып кетуі мүмкін деген пікірлер де болады. Осы рас па?

    - Ота жасалынатын және жасалынбайтын жарықтары бар науқастар болады.  Диск ядросы амортизация қызметін атқарады, ол желатин тәрізді сұйықтыққа толы болып келеді. Бірақ егер ядро жарыққа шығып кетсе, онда сұйықтық біртіндеп азайып, ядро қатая бастайды. Мысалы, қарт адамдарда ескі жарықтары болады. Жарықтар тас сияқты қатты және әлдеқашан мазаламайды. Иә, жарықтар кеуіп кетуі мүмкін.

    - Жарықты қайта орнына келтіруге болады ма? Науқастар жағдайының жақсаруы ненің көмегімен жүзеге асырылады?

    - Бұл жерде мәселе басқада. Мәселе мануалды терапия көмегімен жарықты қайта орнына келтіруде емес. Жарық түбіршекті басып, ол қатты қысылған кезде ауру сезімі пайда болады. Мануалды терапевт жарықтан түбіршекті жылжыта алады. Сонда адам өзін жеңіл сезініп, дене мүсінін түзей алады.   Дұрыс жүргізілген манипуляция бірнеше жылдарға дейін жақсы әсер беруі мүмкін. Жарық біртіндеп кеуіп кетеді.   

    Екінші жағынан, мысалы,  жарық омыртқа буынын иннервациялайтын жүйке түбіршегін жаншиды. Егде жастағы адамдарда жиі мынадай жағдай болады. Көктемде олар жүйектерде күні бойы еңкейіп жұмыс істейді. Содан кейін белдерін жаза алмай қалады. Оларға жарық деген диагноз қойылады. Бірақ бұл жарық емес. Оларда омыртқа буынының шамалы жылжуы болады. Буынды иннервациялайтын түбіршек аяқ бойымен жүреді. Сондықтан аяқта ауру сезімі пайда болады. Бұл остеохондроз бен жарық болып көрінуі мүмкін. Мануалды терапевт науқастарды ары-бері бұрап, буынды орнына қойып,  қарттарды қалыпты жағдайға қайтарады.  

    Ал жастау адамдарда бұл жиі расымен түбіршектің жарықпен қысылуы болады. Осылайша мануалды терапевт кішігірім жарық кезінде көмек көрсетуі мүмкін. Ал егер қарт адам болса, онда бұл жарық емес, спондилоартроз болып табылады.

    - Соңғы уақытта көптеген адамдарға МРТ бойынша «омыртқа денесінің гемангиомасы» деген диагноз қойылып жүр. Бұл қандай ауру? Оның қауіптілігі бар ма?

    - Гемангиома – омыртқа денесінің қантамырлық ісігі. Бұндай ауру болады. Бірақ МРТ арқылы диагнозды қою өте қиын. Нысаналы компьютерлік томография жасаған жөн. МРТ сүйектерді нашар, ал жұмсақ тіндерді жақсы көрсетеді. МРТ-да остеопороздан болатын дақты жиі гемангиома деп ойлайды. Остеопороз нәтижесінде сүйек өте анық болады және суретте гемангиома дағы болып көрінеді. Нысаналы КТ-да гемангиомаға тән сызбаны көргенде осы диагнозды қоюға болады. Егер ол омыртқаның 2/3 бөлігін алып жатса, бұл өте қауіпті болып есептеледі. Адам абайсызда құлап қалса, омыртқасын сындырып алуы мүмкін. Егер омыртқаның 1/3 бөлігінен аз аймағын алып жатса, онда алаңсыз өмір сүре беруге болады. Тек жылына 1 рет бақылап тұру қажет.

    TopDoc.me байқаудың демеушісі Miami Aquapark & SPA кешеніне аквапаркке баруға арналған шақырту билетін ұсынғаны үшін алғыс білдіреді.  Miami – біздің қаламыздағы ең үлкен spa-кеңістік. Бұл жерде жайлылық және тыныштық атмосферасында күйзеліс пен қарбаластан демалып, рақаттылық пен әсерлі нәтижелер беретін ұмытылмас spa-саяхат жасауға болады.

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    Балада дене қызуы мен ауру сезімі – не істеуге болады?

    Ағзамызда паразиттердің бар-жоғын қалай білуге болады?

    Жүйке тамырлары мен сіңірлердің зақымдануы: тиімді оңалтуды қайда өтуге болады

    «Ақыры мен өз дәрігерімді таптым!» қыркүйек айының үздік дәрігері

    Алматыда МРТ-ны қайда жасаған дұрыс?

    Topdoc.me ұсынатын кеңестер: медициналық сақтандыру не үшін қажет?

    Көктемгі D дәрумені: көңіл-күйді көтеріп, сергітіп, артық салмақтан арылуға көмектеседі