• Врачи
  • Клиники
  • Лаборатории
  • Услуги
  • Блог
  • Лучший доктор 2024
  • Оставить заявку
  • Остеопороз жайлы не білу қажет?

    Как выглядит остеопороз

    Остеопороз – сүйектердің жұқарып, нәтижесінде олардың бұзылу мүмкіндігі жоғарылайтын кең тараған ауру. Мұндай сынықтар ауру сезімі, бүкірлік, қозғалудың қиындауы сияқты әр түрлі проблемалар туындатады.

    Көптеген адамдар сүйек массасын жылдар бойы біртіндеп жоғалтады. Осындай өзгерістердің жүріп жатқаны жайлы ешқандай белгілер болмайды. Алайда остеопорозды дәрі-дәрмектер және салауатты өмір салтын ұстану арқылы емдеуге болады. Егер Сіз осындай пайдалы әдеттерді өміріңіздің бір бөлшегі етіп сақтасаңыздар, онда сүйек массының азаюын және сүйегіңізді сындырып алу қаупін азайтасыз.  

    Біздің Telegram каналға https://t.me/TopDocKz жазылыңыздар.   

    Остеопороз неден дамиды?

    Адам ағзасында сүйектің ескі жасушаларының бұзылуы мен олардың жаңа жасушалармен алмасу үрдісі жүріп отырады. Бұл үрдіс қайта модельдеу (ремоделирование) деп аталады. Өсе келе адамның денесі сүйек массасын жоғалтқаннан гөрі көбірек жинақтайды. Балалық шақта сүйектер өседі және қатая бастайды. Ең жоғары сүйек массасы әдетте 30 жасқа дейін жиналады.  

    Белгілі бір жаста сүйектің қайта модельдеу (ремоделирование) үрдісі өзгереді. Сүйектің жаңа жасушаларының қалыптасуы бәсеңдейді. Бұл баяулау сүйек массасының азаюына әкеледі.

    Сүйек массасының азаюы қауіпті деңгейге жетсе, онда сізде остеопороздың бар екендігін білдіреді. 

    Остеопороз симптомдары

    Әдетте остеопороз  кезінде ешқандай белгілер болмайды. Алайда бірнеше жылдан соң белдегі ауру сезімі, бойдың өсуінің тоқтауы және бүкірлік сияқты белгілер байқалады. Кейбір адамдар үшін аурудың ең алғашқы белгісі омыртқа немесе сан сүйегінің сынуы болып табылады.

    Егер остеопороз қауіпті болса, онда отыру, тұру, жөтелу немесе тіпті құшақтау сынықтардың дамуына әкелуі мүмкін. 

    Кейбір адамдарда сыну кезіндегі ауру сезімі сүйектің жазылуына қарай азаяды. Ал кейбіреулерде ауру сезімі ұзаққа созылуы мүмкін.

    Остеопороз симптомы

    Менде остеопороз дамуы мүмкін бе? 

    Остеопорозбен ауру мүмкіндігін жоғарылататын факторларға жатады:

    Отбасылық  анамнез. Остеопороз тұқым қуалайды. Егер анаңызда сан сүйегінің немесе омыртқаның сынуы болса, онда сізде бұл аурумен ауру қаупі өте жоғары болады.

    Жыныс: әйелдер ерлерге қарағанда остеопорозбен 4 есе жиі ауырады.

    Жас: остеопороз кез келген адамда болуы мүмкін. Алайда жас ұлғайған сайын остеопороздың даму мүмкіндігі жоғарылайды. 50 жастан асқан әйелдер жиі ауырады. Неғұрлым жас үлкен болған сайын сынықтардың дамуы да арта түседі.

    Сүйек құрылымы мен дене салмағы: жүдеу әйелдерде остеопорозбен ауру мүмкіндігі жоғары. 50 жастан асқан әйелдерде салмақ жоғалту сан сүйегінің сыну мүмкіндігін жоғарылатады, ал салмақ қосу, керісінше, азайтады. Сүйектері кіші жүдеу ер адамдарда салмағы жоғары, ірі денелі ер адамдармен салыстырғанда остеопорозбен ауыру қаупі жоғарырақ.

    Анамнезде сынықтардың болуы: егер бір сынығыңыз болса, онда тағы да сынықтардың болу мүмкіндігі жоғары.

    Темекі: зерттеулер темекі шегетін адамдарда (өткенде немесе қазіргі уақытта) сүйек массасы төмен және сынықтардың даму қаупі жоғары екенін көрсетті. Темекі шегетін әйелдерде сүйек денсаулығын қамтамасыз ететін эстроген гормоны төмен болады.

    Дәрілер: кейбір дәрі-дәрмектер аурудың даму қаупін жоғарылатуы мүмкін. Бұған ұзақ уақыт стероидтарды, тироидты препараттар, антацидтер және тағы басқа дәрілерді қолдану жатады.

    Остеопороз бен менопауза

    Менопауза кезінде әйелдерде эстроген гормонының деңгейі күрт төмендейді.  Бұл сүйектің қайта модельдеу үрдісін баяулатады және ағзаның сүйек массасын жылдам жоғалтуын шақырады. Бұл менопаузадан кейін 10 жылға жуық созылады. Нәтижесінде сүйек массасын жоғалту жылдамдығы  менопаузаға дейін болған жылдамдыққа қайта оралады. Алайда сүйектің жаңа жасушаларын жасау жылдамдығы жоқ. Бұл жалпы сүйек массасын азайтады және менопаузадан кейін  әйелдерде сынықтардың даму мүмкіндігін жоғарылатады.

    Ерте менопауза (40 жасқа дейін) остеопороз бен сынықтардың  даму мүмкіндігін жоғарылатады.   

    Менде остеопороз бар екенін қалай білуге болады? 

    Біріншіден, осы аурумен ауру қаупі сізде қаншалықты жоғары екенін анықтау қажет. Өзіңіздің дәрігеріңізбен сөйлесіңіз, сүйек тінінің тығыздығына арналған сынама қажеттілігін анықтаңыз. Сүйегіңіздің қаншалықты мықты екенін көру үшін жасалатын мұндай сканерлеу кезіндегі сәулелендіру мөлшері аз болады. Бұл әдіс остеопороздың бар-жоғын анықтайтын жалғыз әдіс болып табылады. 

    Остеопороз емі

    Остеопороздың көптеген емдеу әдістері сүйек массасының азаюын тоқтатады және сынықтардың даму мүмкіндігін төмендетеді. Тамақтану рационын және өмір салтын өзгертуден бастаңыз. Мысалы, темекі шегуден бас тарту, өз рационыңызға көбірек кальций мен Д дәруменін қосу және спортпен шұғылдану. Алайда кейбір адамдарға сүйек массасының азаюын тоқтату үшін дәрілер қажет болуы мүмкін.   

    Профилактика остеопороза

    Қалай остеопороздың алдын алуға болады? 

    Денсаулыққа қатысты осындай пайдалы әдеттер остеопороз бен сынықтардың алдын алуға көмектеседі:

    Физикалық жаттығулар. Сүйек пен бұлшықеттерді нығайтады. Жүру, асықпай баяу жүгіру, теннис ойнау, билеу сияқты жүктемесі бар жаттығулар остеопороздың алдын алу үшін өте пайдалы. Аптасына 3-4 реттен кем емес жасау қажет.

    Сонымен қатар күш қолданатын жаттығулар және тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бұлшықетті нығайтады және құлап қалудың алдын алуға көмектеседі.  Бұл сүйекті сындырып алу мүмкіндігін азайтады.

    Өз рационыңызға кальций қосыңыз. Сарапшылар әйелдерге менопаузаға дейін  тәулігіне 1000 миллиграмм, ал менопаузадан кейін тәулігіне 1200 миллиграмм ұсынады.

    Құрамында кальций мөлшері көп азық-түлікке жатады:

    • Сүт және сүт өнімдері;
    • Сүйегі бар консервіленген балық, мысалы ақсерке және сардина;
    • Жасыл жапырақты көкөністер, мысалы орамжапырақ және брокколи;
    • Кальций қосылған өнімдер, мысалы апельсин шырыны.

    Күнделікті кальцийге бай өнімдердің төрт порциясын қолдану арқылы кальцийдің ұсынылған мөлшерін қабылдай аласыз.

    Өз рационыңызды толықтырыңыз. Өзіңіз ішетін тамақ арқылы кальцийді қабылдаған жөн. Егер кальций жеткілікті мөлшерде болмаса, өз дәрігеріңізден кальций қосылған қоспаларды қабылдау туралы сұраңыз. Кейбір зерттеулер бұл дәрілердің кейбір адамдарда жүрек ұстамасының даму мүмкіндігін жоғарылататынын көрсеткен. Бірақ нақты білу үшін қосымша зерттеулер жүргізу керек.  Сіз және дәрігеріңіз барлық қауіп-қатерді ескеріп, өзіңізге не пайдалы екенін шешу қажет.

    Көбірек D дәрумені. Сіздің ағзаңызға  Д дәрумені кальцийдің сіңірілуі үшін қажет. Д дәруменін таза ауада, күн сәулесінен ала аласыз. Алайда көп мөлшерде қабылдамаңыз. Өйткені терінің қатерлі ісігі дамуы мүмкін. Сонымен қатар Д дәруменін жұмыртқа, ақсерке сияқты майлы балық, Д дәруменімен байытылған сүт және астық дақылдары, қоспалардан ала аласыз. 

    Остеопорозды анықтау және емдеу үшін ревматолог, эндокринолог, терапевтке жазылыңыздар. +77072255009 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласыңыз. Біз сізге тиісті дәрігерді табуға көмектесеміз.