Алматы
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00
0
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00

Жаңа коронавирус деген не? Қаншалықты ол қауіпті?

коронавирус

TopDoc.me сіздерге жаңа коронавирустың (COVID-2019) таралуына байланысты тұрғындарға арналған БДҰ ұсыныстарын жариялады.

Жаңа коронавирус деген не?

Жаңа  коронавирус (КоВ) — адамдарда осы уақытқа дейін анықталмаған коронавирустың жаңа штаммы. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.   

Қаншалықты ол қауіпті?

COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі  мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал. 

 Үй жануарынан жаңа коронавирусты жұқтыру қаупі бар ма?  

Жоқ, қазіргі таңда COVID-2019 жұқпасының үй жануарлары (мысық, ит) арасында тарағаны немесе олардың осы вирусты таратуы туралы мәліметтер жоқ.   

Жаңа коронавирус адамнан адамға берілуі мүмкін бе?     

Иә, COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы  үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға таралуы әбден мүмкін.  

Мен өзімді қалай қорғай аламын?

- Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз;

- Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз *Не үшін? Егер қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді;

- Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр ара-қашықтықты сақтаңыз *Не үшін? COVID-2019   респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін;

- Қолдарыңызбен көздеріңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз *Не үшін? Біз көптеген заттардың бетін қолдарымызбен ұстаймыз, онда вирус болуы әбден мүмкін. Содан кейін көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстағанда қолымыздағы вирусты ағзамызға таратуымыз ықтимал;

- Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы  болса, бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз *Не үшін? Аталған белгілер респираторлы жұқпаның, соның ішінде COVID-2019 вирусының әсерінен туындауы мүмкін. Ол  сіздің соңғы сапараларыңызға және кіммен   қарым-қатынаста болғаныңызға байланысты.     

Өзімді қорғау үшін маска тағуым керек пе?

Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі жұқпаға кепілді бөгет бола алмайды. Масканы киюді басқа да алдын алу шараларымен  үйлестіру қажет. Яғни  қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасы, өзара және басқа да адамдармен 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтай отырып, тығыз қарым-қатынастан алшақ болу  керек.    

Сонымен қатар сізде респираторлы жұқпаның белгілері (жөтел немесе мұрыннан су ағу) болса, айқын емес белгілердің аясында коронавирустық жұқпаға күдік туындаса немесе коронавирустық жұқпамен науқастанған адамды қарасаңыз, міндетті түрде  масканы қолдану қажет. Егер науқас COVID-2019 жұқпасының жағдайлары тіркелген Қытай аймағына барып келсе немесе Қытайдан келген және респираторлы жұқпаның белгілері бар адаммен тығыз қарым-қатынаста болса, онда  коронавирустық жұқпаға күдіктенген дұрыс. 

Бұл вирусты кім жұқтыруы мүмкін?

COVID-2019 коронавирусы тараған аймақтардың тұрғындары мен қонақтары бұл вирусты жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл вирус жұқпаны жұқтырған адамдардың басым көпгшілігі тіркелген  Қытай территориясында тараған. Басқа мемлекеттерде ауруды жұқтырғандар  жақын арада Қытайға барып келген адамдар, сонымен қатар олармен бірге тұратындар немесе жұмыс бабымен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар, атап айтсақ,  туысқандар мен қызметкерлер, сонымен бірге COVID-2019 жұқпасы анықталғанға дейін науқасқа көмек көрсеткен медициналық қызметкерлер арасында  анықталып отыр.        

Аурудың ауыр ағымы кімде болуы мүмкін?    

COVID-2019 адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат әзірге болмағандықтан, аурудың ауыр ағымы жоғары қауіп-қатері қарттарда және басқа да патологиялары ( қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдарда анықталуы мүмкін.  

Вирус қалай тарайды?   

Жаңа коронавирус респираторлы вирус болып табылады. Ол инфицирленген адаммен қарым-қатынаста болғанда, оның тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылары, мысалы жөтелгенде, түшкіргенде, сілекей тамшылары немесе мұрын бөлінділері  арқылы тарайды. Респираторлы гигиена ережелерін сақтау барлығына маңызды  болып табылады. Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын мен ауызды шынтақтың бүгілген жерімен немесе майлықпен жабу қажет. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастау керек. Сонымен қатар қолды үнемі сабынмен жуу немесе спирті бар заттармен өңдеу де өте маңызды.     

Заттардың бетінде вирус қаншалықты ұзақ өмір сүре алады?  

COVID-2019 вирусының заттардың бетінде  өмір сүру ұзақтығы әлі анықталмаған, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша олардың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше сағат болуы мүмкін. Вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады. 

Қытайдан немесе вирус анықталған басқа да мемлекеттерден пошталық сәлемдеме алу қауіпсіз бе?  

Иә, қауіпсіз. Сәлемдемені алғанда сіз жаңа коронавирусты жұқтырмайсыз. Басқа коронавирусты зерттеу тәжірибесі бұл вирустардың хаттар немесе пошталық сәлемдемелерде ұзақ уақыт өмір сүре алмайтынын көрсетіп отыр.     

Антибиотиктер COVID-2019 жұқпасының емі мен алдын алуында тиімді дәрілік зат болып табылады ма?

Жоқ, антибиотиктер вирусқа қарсы әсер көрсетпейді, олармен тек бактериалды жұқпаларды емдеуге болады. Жаңа коронавирус  вирустар тобына жатады, демек, оның емі мен алдын алуына антибиотиктерді қолданудың қажеті жоқ. 

COVID-2019 жұқпасының емі мен алдын алуына арналған дәрілік заттар бар ма? 

Қазіргі уақытта жаңа коронавируспен шақырылған жұқпаны емдеу мен алдын алу үшін ұсынылған дәрілік заттар жоқ. Соған қарамастан, COVID-2019 жұқтырған науқастарға клиникалық белгілерді жою немесе азайту үшін қажетті медициналық көмек  көрсетілуі керек, ал аурудың ауыр ағымымен науқастар сәйкес қолдаушы терапиямен қамтамасыз етілуі қажет. Қазіргі таңда жаңа коронавирусқа қарсы арнайы дәрілік заттар жасау жұмыстары жүргізіліп отыр және олар  алдағы уақытта клиникалық сынақтардан өтеді.   БДҰ бірнеше серіктестерімен COVID-2019 вирусын емдеу үшін дәрілік заттарды жасау бойынша жұмыстарды бақылауға көмектесіп отыр.   

 

Мүмкін сізге COVID-19 жайлы мақалалар пайдалы болар: 

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР 

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТОП-5 САЛДАРЫ: НЕ СЕБЕПТІ АУЫРМАҒАН ДҰРЫС

КОВИДТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

Новости Covid-19 Общее 19 Февраля 2020