Алматы
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00.
0

Нәрестелердегі базданудан қалай арылуға болады?

Жаялықтық дерматит (пеленочный дерматит)

Жаялықтық дерматит дегеніміз не. Жөргектен дамитын базданулармен қалай күресуге болады. Педиатрлардың кеңесі.

Жөргектен дамитын базданулар — нәрестелерді зақымдайтын ең жиі тараған тері ауруы. Базданулар нәрестелерге өте қатты қолайсыздық туғызады, бірақ соған қарамастан бұл мәселенің шешімі бар. Сіздің балаңыз тез сауығып кетуі үшін қажетті бірнеше жылдам қадамдар бар.

Жаялықтық дерматит дегеніміз не?

Жаялықтық дерматит немесе базданулар әдетте бала ылғалды жөргекпен өте ұзақ уақыт жүрген кезде дамиды.

Егер сіз қолыңызды ұзақ уақыт суда ұстасаңыз, мысалы, ыдыс-аяқ жусаңыз, онда теріңіздің жұмсақ, ағарып және әжімделгенін байқаған боларсыз. Мұндай ылғалды тері зақымдануларға осал болып келеді. Сіздің балаңыздың жөргегі суланса, олардың жамбасының терісі де осындай өзгерістерге ұшырайды. Нәрестенің нәзік терісі жөргекке үйкеледі, бұл тітіркенуді тудырады және ақырында бөртпеге айналады.

Базданулармен қалай күресуге болады?

Жөргектен дамитын бөртпелер жеңіл, кішігірім төмпешіктер және қызарулардан ауыр, жұқпаланатын ашық жараларға дейін өзгеруі мүмкін. Педиатрлар алдымен нені істеп көру керек және дәрігерге қай кезде қаралу керектігі туралы кеңес береді.

1. Таза ұстаңыз, бірақ сүртпеңіз

Жөргекті ауыстыру уақыты келгенде, базданулар  пайда болған жағдайда, бұл сезімтал аймақты одан әрі тітіркендіретін қарапайым дымқыл майлықтарды (влажные салфетки) қолданбаңыз. Теріні одан әрі тітіркендірмеу үшін таза суды және жұмсақ шүберекті пайдаланып таза ұстаған дұрыс.

2. Жақпа май жағыңыз

Жеңіл базданулар кезінде вазелин сияқты қарапайым жақпа майы зақымданған аймақты қорғауға көмектеседі. Бұл өнімдер теріде қорғаныш тосқауыл жасайды.

3. Мырыш оксиді бар өнімдерді қолданып көріңіз

Егер қарапайым жақпа майы көмектеспесе, емделуге ықпал ететін және жақсы қорғанысты қамтамасыз ететін мырыш оксиді бар өнімдерді қолдануға болады.

Жаялықтық дерматиттің қалай алдын алу керек?

Педиатрлар жөргектен дамитын базданулардың алдын алу үшін бірнеше кеңестермен бөліседі.

1. Балаларға арналған су негізіндегі майлықтарды пайдаланыңыз

Кәдімгі нәресте майлықтары теріні зақымдап, жөргектен дамитын баздануларды тудыруы мүмкін, сондықтан проблема тудырмайтын су негізіндегі майлықтарға ауысуды қарастырыңыз.

2. Жөргектің басқа түріне ауысыңыз

Жөргектердің кейбір түрлері сіңіргіш болмауы мүмкін және бұл бөртпелердің дамуына әкелуі мүмкін. Егер балаңыздың терісі сезімтал болса, жөргектердің басқа түрлеріне ауысуды қарастырыңыз.

3. Кейде жөргексіз жүріңіз

Бактериялар өсіп-көбеюі үшін қараңғы, ылғалды жерлерді жақсы көреді және шын мәнінде, жөргектер қараңғы, ылғалды (өте жағымсыз) жерлер болып табылады. Таза ауа балаңыздың жамбасының терісін желдетуге көмектеседі, бұл өз кезегінде жөргектен дамитын базданулардан арылуға көмектеседі.

Баздануларға қатысты балалар дәрігеріне қай кезде қаралған жөн

Егер сіз үйде қолыңыздан келгеннің бәрін істеп жатсаңыз, бірақ бөртпеден құтыла алмасаңыз, педиатрға хабарласыңыз. Жөргектен дамитын базданулар тағамдық аллергиямен асқынуы мүмкін немесе бұл арнайы емдеуді қажет ететін инфекция - ашытқы баздануы болуы мүмкін.

TopDoc.me-дің дәрігерлерді таңдау және дәрігердің қабылдауына жазу бойынша  қызметі сізге дұрыс педиатрды табуға көмектеседі. Сіз педиатрды еңбек өтілі, орналасқан жері, қабылдау құны және рейтингі бойынша таңдай аласыз. Ал нақты пациенттердің сенімді пікірлері нәрестеңіз үшін дәрігерді дұрыс таңдауға көмектеседі.

МАҢЫЗДЫ!

TopDoc.me сайтында жарияланған ақпаратты өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі емдеу үшін пайдалануға болмайды. Егер сізді мазалайтын қандай да бір аурулар немесе белгілер болса, емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. TopDoc.me сайтындағы ақпарат дәрігермен бетпе-бет кеңес беруді алмастырмайды және тек ақпараттық-анықтамалық мақсаттарға арналған.