Алматы
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00
0

Аменорея (қазақша)

Аменорея – ай сайынғы етеккірдің 6 ай қатарынан және одан да көп уақыт келмеуі. Аменорея — бұл ауру емес, әйелдің жыныс жүйесінің жұмысындағы бұзылыстар туралы хабар беретін белгі.  

Клиникалық белгілері

Аменореяның негізгі белгісі -  6 ай қатарынан және одан да көп уақыт етеккірдің келмеуі.

Диагностикасы

Аменореяның диагностикасында анамнез, яғни науқастың шағымдары, бұзылыстар тарихы, өмірінде болған жағдайлар, басқа да аурулары, жұқпалар, жүктілік, түсік және т.б. туралы ақпарат жинау маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық анамнез мәліметтері де жиналады. Одан әрі дәрігер-гинеколог науқасты қарап тексереді, кіші жамбас қуысы ағзаларының, қалқанша және бүйрекүсті безінің УДЗ тағайындалады. Қажет болған жағдайда генетикалық тексеру, бастың рентгенографиясы немесе КТ жасалады. Сонымен бірге диагноз гормондарға қан талдауы негізінде қойылады. 

Емі

Аменореяның емі оның себебіне, яғни негізгі ауруына  байланысты болады. Әдетте қолданылатын ем:

  • гормоналды терапия,
  • емдәм (семіздік немесе жүдеу жағдайында),
  • медикаменттермен немесе олардың көмегінсіз психотерапия,
  • медикаментозды терапия,
  • хирургиялық ем.

Алдын алуы

Салауатты өмір салтын сақтау, яғни құнарлы тамақтану, артық физикалық жүктеме жасамау, психологиялық гигиена, жыныс жолдарымен берілетін және басқа да жұқпаларды дер кезінде емдеу аменореяның алдын алуына жатады. Сонымен бірге гинекологқа үнемі қаралып тұру өте маңызды.  

Себептері

  • генетикалық, мысалы жыныс ағзаларының жетілмеуі
  • психологиялық — стресс, күйзеліс, ауыр қайғы
  • соматикалық— аналық бездің және басқа да бездер мен ағзалардың аурулары, кенеттен артық салмақ жинау немесе жүдеу.