Алматы
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00.
0

Ревматизм (қазақша)

Ревматизм – стрептококты инфекциядан кейін асқыну ретінде дамитын дәнекер тініндегі қабыну үрдісі. 

Орналасуына қарай ревмокардит (жүрек), ревматикалық полиартрит (буындар), ревматикалық плеврит (өкпе), терілік, Вит әулиесінің биі (ревмохорея) деп ажыратылады. Ревматизм балаларда 7 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. 

Диагностикасы

Жалпы қан талдауы қабынуды көрсетеді. Бұл қанның биохимиялық талдауында С-реактивті нәруыздың мөлшерімен расталады.  Сонымен қатар стрептококқа қарсы антиденелер анықталады.  Ревмокардитке күдіктенгенде  электрокардиограмма, жүректің УДЗ және кеуде қуысының рентгені жасалады. Плеврит стетоскоп арқылы естіледі және рентгенмен расталады. 

Клиникалық белгілері

Ревматизм белгілері  жұқпалы аурудан (ЖРВИ, баспа, фарингит)  кейін 1-2 аптадан соң байқалады және ауру түріне байланысты болады. Жалпы белгілеріне әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, дене қызуының 38С-қа дейін жоғарылауы тән. 

Ревмокардит кезінде кеуде аймағында шаншыған ауру сезімі, жүрек қағысының жиілеуі(тахикардия); тыңдаған кезде жүректе шудың болуы, кардиограммада белгілі бір өзгерістер байқалады. Ревматикалық полиартрит кезінде  ірі буындардың (жамбас, тізе, шынтақ) зақымдануы кезіндегі артриттің белгілері анықталады. Бір айырмашылығы – екі симметриялық буындардың ауыруы. Бұған қоса артриттің осы түрі стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен жақсы емделеді.

Терілік формасында сақина немесе түйін түрінде бөртпелер түзіледі. 

Вит әулиесінің биі —  ми тамырларының қабынуы, үрей, жоғары белсенділік, тұрақты түрде бет-аузын қисайтумен (гримасы) көрінеді. Науқас қолында майда заттарды ұстай алмайды, оның қимыл-қозғалысы ретсіз болып келеді.  Симптомдар ұйқы кезінде жоғалады. Бұлшықет әлсіздігі дамиды: науқас отыра алмайды, жүре алмайды, жұтынуы қиындайды, зәр мен нәжісін ұстай алмайды. Психикалық жағынан агрессиялық, эмоционалды тұрақсыздық,  алаңғасарлық байқалады. 

Ревматикалық плеврит кезінде дем алып, оны  шығарғанда қатты ауру сезімі болады, құрғақ жөтел, ентігу, дене қызуының жоғарылауы дамиды.    

Алғашқы көмек

Егер жұқпадан кейін ревматизмнің кез келген түрінің аталған белгілері анықталса дереу дәрігерге қаралу керек. Егер қатты әлсіздік болса, онда терапевтті үйге шақырту қажет. 

Емі

Жедел ревматизмнің емі ауруханада жүргізіледі. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың, антибиотиктердің немесе кортикостероидтардың  қажетті курсынан кейін дәрігер-рематолог  қолдаушы емді 6-12 ай уақытына тағайындайды.  Науқастар диспансерлік есепке тұрады. 

Алдын алуы

Аурудың өршуі (ревмошабуылдар) қайталануы мүмкін. Сондықтан санаторлы-курорттық ем, ағзаны шынықтыру, иммунитетті жоғарылату, стрептококты жұқпамен күресті жүргізу өте маңызды. Қажет болған жағдайда тұрмыстық жағдайды және еңбек режимін жақсарту керек. Аурудың қайталануын алдын алу үшін күз және көктемде дәрілік алдын алу жүргізіледі. 

Асқынулары

Жүректік түрі жыпылықтаушы аритмия, қан айналысының бұзылуына, жүректің ақауына әкелуі мүмкін. 

Емі

Әдетте ауру жоғарғы тыныс жолдарының стрептококты жұқпасынан кейін дамиды.  Бактерияға қарсы түзілген антиденелер жұқпалы агентті ғана емес, сонымен қатар жүрек, буын, тері және т.б. зақымдайды. Бұдан басқа генетикалық бейімділік маңызды рөл атқарады.