Алматы
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00.
0

Варикоцеле (қазақша)

Варикоцеле – шәует түтігінің бір шоқ өрімі көктамырларының варикозды кеңеюі. Жасөспірімдік жастан  есейген жасқа дейінгі ерлердің 15% кездеседі. Жиі сол жақ аталық безде, ал сирек жағдайда  оң аталық безде немесе екеуінде де көктамырлар кеңейеді. 

Варикоцеле ерлер бедеулігінің ең жиі тараған себебі болып табылады. Бедеулікке қатысты тексерілген ерлердің 40%-да, ал екіншілік бедеулігі бар ерлердің  80%-да анықталады. 

Диагностикасы

Варикоцеленің өзіне тән клиникалық сипаттамасы бар. Оған қоса  дәрігер-урологандролог немесе қантамырлық хирург доплерография, УДЗ, термография, флебография, гормондарға қан талдауы және спермограмма тағайындайды. 

Клиникалық белгілері

Әдетте варикоцеле клиникалық белгілерсіз өтеді,  бірақ  шап, ұма, жыныс мүшесі, іштің төменгі аймақтарында батып ауыратын  ауру сезімі пайда болуы мүмкін. Аталық бездегі кеңейген көктамырлар тұрған қалыпта, күшенген кезде, жөтелгенде айқын көрінеді. Аурудың кеш кезеңдерінде кеңейген көктамырлар аталық безді қоршап, оның кішіреюіне алып келеді. 

Алғашқы көмек

Варикоцеленің белгілері пайда болғанда ауыр физикалық жүктемелерден бас тартқан жөн. Егер іш қату белгілері болса, сәйкес ем қабылдау қажет.  Тар киімдерді кимеу керек.  Міндетті түрде дәрігерге – андролог немесе урологқа қаралу қажет. 

Емі

Варикоцеленің тиімді емі тек қана хирургиялық ем болып табылады. Ауру сезімі кезінде немесе ерлерде бедеулік болған кезде отаны тағайындайды.   Көптеген дәрігерлер балалар мен жасөспірімдерді оперативті емдеу болашақта бедеуліктің даму қаупін жою үшін қажет деп есептейді.

Оперативті кірісулердің 4 түрін ажыратады:

  • ашық (қалыпты) ота (Иваниссевич бойынша)
  • кішкентай тілікпен ота (Мармар бойынша).
  • эндоскопиялық ота (лапароскопия).
  • аталық бездің микрохирургиялық реваскуляризациясы (көктамырды ауыстырып салу).

Нақты науқасқа сәйкес келетін отаның түрін тек дәрігер ғана анықтай алады. 

Асқынулары:

  • тұрақты ауру сезімі
  • аталық без атрофиясы
  • бедеулік.

Алдын алуы

Жасөспірімдік жастан бастап уролог немесе андрологқа тұрақты қаралу ғана алдын алу шарасы болып табылады.  

Варикоцеле себептері:

  • анатомиялық ерекшеліктер;
  • тіндердің жатырішілік жетілмеуі;
  • кіші жамбас қуысы мүшелерінде іркілу белгілері;
  • іш қату;
  • ретсіз жыныстық қатынас;
  • ауыр физикалық жұмыс;
  • артық салмақ;
  • бүйрек ісіктері;
  • бүйрек көктамырларының тромбозы.

Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен уролог-андролог немесе қаңтамырлық хирургтың кеңесіне жазылыңыз:

- сайтта өтінім қалдыру,

- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.