Алматы
Мы работаем: Пн - Пт: с 8:00 до 18:00, Сб: с 9:00 до 15:00.
0

Ұйқысыздық (Бессонница қазақша)

Ұйқысыздық (инсомния) – бұл ауру емес, жүйке жүйесінің қозуымен шақырылған ұйқының бұзылу жағдайы. Әр түрлі аурулар мен синдромдардың белгісі болуы мүмкін. 

Клиникалық белгілері

  • ұзақ уақыт ұйқыға кету,
  • ерте ояну,
  • қысқа аралықпен ұйқы,
  • беткей ұйқы,
  • ұйқы үшін қажетті жағдай бола тұра тәулік бойы ұйқының толық болмауы.

Диагностикасы

  • анамнез жинау
  • ұйқы күнделігін жүргізу
  • қарап тексеру
  • сараптамалар  (көрсеткіштер бойынша)
  • полисомнография

Емі

  • соматикалық немесе психологиялық себептерді (аурулар, күйзеліс және т.б.) жою,
  • физикалық себептерді (ыңғайсыз орын, жарық сәуле, шу) жою,
  • дәрілік заттар мен шөптерді (дәрігер тағайындауы бойынша) қабылдау,
  • мелатонинді қабылдау (дәрігер тағайындауы бойынша).

Себептері

  • аурулар — жедел және созылмалы.
  • күйзеліс;
  • артық физикалық жүктеме;
  • депрессивтік жағдай;
  • дәрілік заттардың жанама әсері;
  • әйелдерде климакс жағдайы;
  • жарақаттар;
  • гормоналды баланстың бұзылысы,
  • ауысым бойынша жұмыс,
  • басқа сағаттық белдеуге ұшу және т.б.